Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химия әлемі (сынып лидері сайысы)

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: «Химия әлемі»
(Сынып лидері сайысы)
Сабақтың мақсаты:
8 - сынып химия пәнінен өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру, дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сынып лидерін табу.
Түрі: сайыс
Типі: қайталау
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын
Құралдар мен реактивтер: элементтердің таңбалары, интерактивті тақта, кестелер, мыс (ІІ) гидроксиді, сынауықтар, спирт шам.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
(оқушыларды, мұғалімдерді орналастыру)
ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі қорытындылау - шоу сабағы «Химия әлемі»тақырыбына арналған. Сабақ ойын түрінде өтеді. Сабақ бойы химиядан алған білімдеріңді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бүгін сабақта алған білімдеріңді мына турларда көрсете аласыздар:
І. «Бәйге»
ІІ. «Химия әлемі»
ІІІ. «Тест сұрақтары»
ІҮ. «Егер мен болсам..»
Ү. «Оратор»

Ойынға 8 оқушы қатысады. Ойынды бағалайтын қазылар таныстырылады.
І тур. «Бәйге»
1. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)
2. Авагадро саны тең? (6, 02. 1023)
3. Газдың моль көлемі? (22, 4л/моль)
4. Өндірісте сутекті қалай алады? (электр тогының әсеріне судың айырылуы)
5. Қышқылдар қандай болады? (сұйық және қатты)
6. Реттік номері 29 - шы элементтің неше электрон қабаты бар?(4)
7. Периодтық жүйеде неше период бар? (7)
8. Қай элементтің атомдық массасы 12? (Mg)
9. Реакция типтерін ата?(қосылу, алмасу, айырылу, орынбасу)
10. Емдік қасиеті бар улы газ? (H2S)
11. NH3 молекуласындағы химиялық байланыс? (ковалентті полисті)
12. Хлордың жоғарғы валенттілігі? (7)
13Сілтілік метальдардың периодтық жүйеде орналасуы? (І топ, негізгі топша)
14. Еріген заттың массалық үлесі өлшенеді? (пайызбен)
15. Оттектің аллопоропиялық түр өзгерісі? (озон)
16. Натрий оксидін халықаралық номеналаториясы бойынша қалай атайды? (динатрий моноксиді)

ІІ тур «Полиглот» Бұл тур екі сатыдан өтеді.
1) Химиялық таңбалармен жұмыс
Тапсырма: «Таңбаны оқып, қазақша және латынша атаңыз». Әрбір оқушыға бір элементтің таңбасы көрсетіледі.
Аи - алтын - аурум ----------------------------- Si - кремний - силициум
С - көміртегі - корбанеум -------------------- Ғе - темір - феррум
Нd - сынап - гидраргирум --------------------- Zh - мырыш - цинк
Си - мырыш - купрум --------------------------- Рв - қорғасын - плюмбум
2. Анаграммадан сөз құрастыры→п, қазақша - орысша атап, формуласын айту.
Оди - иод - иод J2 ------------------------------- Мкүіс - күміс - серебро Аd
Түрірк - күкірт - сера S ------------------------- Омрб - бром - бром Вr
Латын - алтын - золото Аd -------------------- Тотке - оттек - кислород О2
Пансы - сынап - сурьма Нd ------------------- Кутсе – сутек - водрод Н2
Ротф - фтор - фтор Ғ2 --------------------------- Раног - аргон - аргон Аr

III тур – «Химия әлемі»
Кестедегі 9шаршыға 20, 30, 40 сандары жазылған. Әрбір санның шамасына қарай сұрақтар берілген.(Логотип орналасқан)
20 - НСІ – Н + СІ - Бұл қандай байланыс? (иондық)
20 - Мg + 2е - Мg - Бұл қандай процесс? Неге? (тотықсыздану, е қосып алу)
20 - Галогендердің ең активті элементі (фтор)
30 - 1S2 2S2 2p3 қандай элементтердің электрондық формуласы? ( N):
30 - Периодтық жүйедегі орны бойынша 24 - ші элементке сипаттама беріңіз.(ІV период, ІV Б тобы, Ar (Cr) – 52)
30 - Натрий атомының құрамы қандай? (Na - 11p 11n 11e)
40 - NH4CI - NH3+HCI – қандай химиялық реакция типіне жатады? ( айырылу)
40 - Мына заттың салыстырмалы молекулалық массаларын тап – Мr(CO2) (44)
40 - АІ2О3 қосылыстарындағы алюминийдің валенттігін анықта (ІІІВ)
Қазылар алқасы ұпайларын береді, 4 оқушы қалады.

ІV тур – «Тест сұрақтары»
Қатысушылар өзге оқушылардың алдын - ала даярлаған сұрақтарына жауап береді. Сұрақтардан балды аз жинаған сайыскер бірінші таңдайды.
№1 Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады?
а) мұздың еруі
ә) күкірттің жануы
б) қанттың еруі
№2 Суда – ерімейтін тұздарды табыңыз?
а) Na
ә) КСІ
б) Ag СІ
№3 Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
а) 1
ә) 2
б) 3
№4 Сілтілік ортада лакмустың өзгеруі?
а) қызарады
ә) сарғаяды
б) көгереді
Бұл турдың қорытындысында екі оқушы қалады. Егер балдары бірдей бола қалса, қосымша сұрақтар қойылады.
№1 Суды толық тазарту үшін қолданылады?
а) фильтрлеу
ә) дистильдеу
б) қайнату
№2 S - электрон бұлтының пішіні?
а) гантель тәрізді
ә) шар тәрізді
б) сызықтық
V – тур – «Егер мен болсам»
Сіздерге мыс(ІІ) гидроксиді бар сынауық, спирт шам берілген. Ал енді осыларды қолданып, мыс(ІІ) оксиді мен су алыңдар және түсіндіріңдер.
Қазылар бағаларын береді.
VІ - тур - «Оратор»
Сайыскерлер сұрақтың нөмірін таңдап тақырып алады.
№ 1 Атом – молекулалық ілім
№ 2 Кристалдық торлар
№ 3 Тотығу дәрежесі
№ 4 Гологендер патшасы
«Оротор» турының бағаларынан кейін «Сынып лидері» анықталады.
16 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Географиядан қорытынды сабақ
Географиядан қорытынды сабақ
Жылдың басынан өтілген материалды қайталау, жинақтау бағытында немесе әр бөлімді бітіргенде өткізілуі мүмкін.
Білімділер әлемі интеллектуалдық ойыны
Білімділер әлемі интеллектуалдық ойыны
Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу. сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі Мукатаева Лиза Сансызбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×