Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа – газдар қоспасы

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ауа туралы білімдерін тереңдету, қорытындылау;
Тәрбиелік: Ауаны ластамаудың жолдарын қарастыру, денсаулығын сақтау,
Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Графикалық диктант
1. Оттегі газ күйінде кездеседі
2. Оттегі атмосферада 78 пайыз болады
3. СаО валенттілік бойынша дұрыс жазылған формула
4. Оттегі тұрақты ІІ валентті болады
5. Оттегіні тек лабораторияда ғана алады.
6. Су молекуласы оттек және сутек атомдарына ыдырайды
7. Оттегіні өндірісте ауаны сұйылту арқылы алады.
8. Оттегі жай зат күйінде 3 атомы жазылады
9. Оттектің атомдық массасы 16
10. Оттегі қатты күйде кездеседі

3. Үй тапсырмасын бекіту
4. Жаңа сабақты түсіндіру
«Ауа – газдар қоспасы» деген тақырыпты өтеміз.
Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып, мазмұнын айту.
Төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша жазып алу керек.
1. Ауаның құрамы? - - - -
2. Ауаның құрамын зерттеген ғалым? - - - - - -
3. Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін? - - - - -
4. Инертті газдардың ерекшелігі
5. Тағы басқа қандай газдар таралады? Олардың зияны?
6. Ауаны зиянды газдармен ластамаудың қандай шараларын білесіңдер?
7.«Орман ауасы», «жанғыш ауа» деп қандай газдарды атаймыз

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
• Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0, 03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4, 0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

• Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.
• Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3 - де 2600 микроб, ал
І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.
• Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0, 1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.
• Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50 - 80 жыл ғана өмір сүреді.

5. Бекіту
Әр 2 оқушыға 1 тапсырмадан жұптық тапсырма беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 741
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Ауа және оны қорғау. Ауаның жер бетіне таралуы
Ауа және оны қорғау. Ауаның жер бетіне таралуы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы № 1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сакенова Болар Айсақызы
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Бұл керемет оттегі
Бұл керемет оттегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×