Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Символдық мәліметтермен амалдар орындау

28 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау.
Мақсаты: 1. Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амал түрлерін
пайдалана отырып, есептер шығаруға, прогрмма құруға дағдыландыру.
2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық,, практикум, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады. Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256 - дан аспайтын апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады.
Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді. Оның айнымалы бөлімінде сипатталуы:
Var
; string [жолдың ұзындығы];
Мысал:
Var
Tex1: string[29];
Atj: string[40];
Atau: string[200];
A: string;
Егер жолдың ұзындығы (символ саны) сипаттау кезінде көрсетілмесе (А айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп қабылданады.
Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады. Мысалы:
‘Ауыл’ + ‘шаруашылығы’ = ‘Ауыл шаруашылығы’
S1:=’Ас’; S2:=’тана’; S3:= S1+S2;
Нәтижесі: S3:=’Астана’;
Салыстыру амалдары, олар: +, <>, >, >=, <, <= белгілерімен белгіленеді. Сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарының кодтарын солдан оңға қарай біртіндеп бір - бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен деп есептеледі. Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса, ең алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркесінің салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама болады. Мысалдар:

өрнек нәтиже
‘MS - DOS’ < ‘MS - Dos’ true
‘program’ ‘SAM’ true
‘BBB’ ‘TAM2’ false
‘100’ < ‘110’ true
Мәтін ұзындығын анықтайтын операциясы – LENGTH (x).
Length (‘ABCD’) = 4. Length (‘a f 5 1’) = 7.
Copy (St, Poz, N) – St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N артық болса, нәтиже бос символ болады.
Concat(s1, s2,…, sn) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді.
Upcase(ch) – латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.
Delete(S, Poz, N) – S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.
Insert(S1, S2, Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.
Str(I, S) – I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I: 2) көрсетуге болады.
Val(S, I, god) – S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да, нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. God – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болмаса, сod = 0 – нәтиже дұрыс, ал cod <> 0 болса, онда нәтиже қате, оның мәні алғашқы қате кеткен орын нөмірін көрсететін санға тең болады да, мұндайда I – дің мәні анықталмаған болып саналады.

ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Символдық мәліметтермен амалдар орындау.
18 731
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейстандартты функциялар мен процедуралар
Бейстандартты функциялар мен процедуралар
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
Растрлық графика. Растрлық бейнелердің параметрлері
Растрлық графика. Растрлық бейнелердің параметрлері
Информатика пәні мұғалімі: Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
HTML программалау
HTML программалау
Информатика 11 сынып
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
[right]Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Кулмурзина Замзагул Жораевна
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау. 2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру. 3.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×