Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейстандартты функциялар мен процедуралар

24 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 9 класс

Сабақтың тақырыбы: Бейстандартты функциялар мен процедуралар
Мақсаты: 1. Паскальда қосалқы алгоритмдердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, процедуралар және функциялар туралы ұғым қалыптастыру.
2. Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Процедура – деп бір әрекетті орындау мақсатында алдын ала анықталған аты бойынша шақырылып атқарылатын программаның тәуелсіз бөлігін айтамыз. Мысалы: read(x); - клавиатурадан енгізілген мәнді х айнымалысына меншіктеу әрекетін іске асыратын Паскальдың стандартты процедурасы.
2. Функциялар – деп жұмысының нәтижесібір ғана мән болатын процедураны айтады. Мыс: sin(x); бір есепті /синусты/ ғана шығаратын шағын программа стандартты функция/.
Процедура мен функцияны программасының өзі де жаза алады.
Еске сақтау: Процедурадағы кірістік айналымға (мәндік параметр) мән, негізгі программада шақыру командасынан бұрын меншіктеледі.
3. Паскальдың кітапханалық модульдері – деп типтеріне қарай топтастырылған стандартты процедуралар мен функциялардың жиынтығын айтады. Паскаль 6. 0 - ден бастап кітапханасында 9 модуль бар. Әр модульді қажеті болса USES түйінді сөзі арқылы қосуға болады. Мыс: uses crt; боялған мәтін шығаруға мүмкіндік береді. uses graph; экранға сурет салуға мүмкіндік береді.
Есеп (Методикалық жетекші 89бет): Әрқайсысының координатасы х, у, массасы m болатын 10 нүкте берілген. Жүйенің ауырлық центрін және әр нүктенің осы центрден қашықтығын табатын программа жазыңыз.
Есептеу алгоритмі: 10 нүктенің координаталарын және массаларын (хx, уy, m бүтін болсын) сақтайтын массив ашамыз. Координата мен массалар мәндерін әр жолы үш саннан осы массивке енгіземіз. Массалар центрінен нүктеге дейінгі қашықтықты табатын формуланы процедураға жазамыз. Процедураны шақырып нәтиже алған соң i - шы нүктенің массалар центірінен қашықтығы экранға басып шығарамыз.
Сонда программа мынандай болады:
program nykteler_metod_89bet;
uses crt;
var xx, yy, m: array[1.. 10] of integer;
x, y, i: integer;
l, xm, ym, sx, sy, sm: real;
procedure syzyk;
begin
l:=sqrt(sqr(x - xm)+sqr(y - ym));
writeln(i, ' - шы нуктенiн кашыктыгы - ', l: 3: 2);
end;
begin
write('vvedite koord. x, y i massa 10 tochek ');
for i:=1 to 10 do
read(xx[i], yy[i], m[i]);
sx:=0; sy:=0;
for i:=1 to 10 do
begin
sx:=sx+xx[i]*m[i];
sy:=sy+yy[i]*m[i];
sm:=sm+m[i];
end;
xm:=sx/sm; ym:=sy/sm;
writeln('массалар центрі ', xm: 3: 2, ', ', ym: 3: 2);
for i:=1 to 10 do
begin
x:=xx[i]; y:=yy[i];
syzyk;
end;
end.

ІҮ. Сабақты бекіту:
1. Программаның қоңыр түспен жазылған бөлігін орындағанда компьютер қанадай әрекет жасайды?
көк, жасыл, қызыл, күлгін - қызғылт, күлгін - жасыл
2. Бүтін санның факториалын есептейтін программа жазып, компьютерде орындаңыз. Үлкен сандар бергенде не болады? Тығырықтан қалай шығуға болады?
Ү. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Бейстандартты функциялар мен процедуралар.
3 003
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінде графикалық объектілерді программалай алу іскерліктерін қалыптастыру
Растрлық графика. Растрлық бейнелердің параметрлері
Растрлық графика. Растрлық бейнелердің параметрлері
Информатика пәні мұғалімі: Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау
HTML программалау
HTML программалау
Информатика 11 сынып
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау. 2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру. 3.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×