Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндік редактор

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 7 сынып
Сабақатың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы. Мәтін теру ережесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен таныстыру, мәтін теру ережесін меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мәтіндік редактор туралы түсінік бере отырып, ой - өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Сайыс және аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак. тақта, электронды оқулық, таратпалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері.

Сабақтың өту бары
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. «Үйдегі білімділер». Өтілген тақырыптардан мұғалімнің қалауы бойынша сұрақтар қойылады. 3. «Қанша тілді білесің» Екі топ бір – бірлеріне қарсы өткен сабақтардан сұрақ қояды және жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді.
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
5. Тапсырмаларды орындау.
6. Сабақты бекіту.
7. Үйге тапсырма беру.

1 - сайыс. «Үйдегі білімділер».
1. Компьютер құрылғыларына нелер жатады?
2. Аты бар байттар тізбегі?
3. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?
4. Компакт - диск оқу құрылғысы?
5. Ақпараттың өлшем бірлігі?
6. Бір килобайт қанша байтқа тең?
7. Кесте дегеніміз не?
8. Бұл құрал Ресейде ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда пайда болған?
9. Монитор құрылғысының қызметі қандай?
10. Бит дегеніміз не?

2 - сайыс. «Қанша тілді білесің»
Екі топ бір - бірлеріне қарсы өткен сабақтардан сұрақтар қояды және жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға болады.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск → Программы → Стандартные → Word Pad
(Жіберу → Бағдарламалар → Стандартты → Word Pad )

Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Word Pad бағдарламасында екі меңзер болады: кірістіру нүктесі және I меңзері.
Кірістіру нүктесі - өшіп – жанып тұратын тік сызықша.
I меңзері – терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның I әрпінің түрінде болады.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндай мәтінді өзгерту мәтінді пішімдеу деп аталады.
Word Pad бағдарламасында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару және көшіру немесе меню командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.
Word Pad бағдарламасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін, Файл менюіне Сохранить как командасын таңдаңдар. Сонда экранда сохранить как диалог терезесі пайда болады.
Имя файла өрісінде файлдың атын енгізіңдер.
4 - сайыс. Оқушыларға таратпалар беріледі.
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттайтын мәтіндер жазып, әр топ өздері оқып, мағынасын түсіндіріп береді, компьютерде орындау.
Таратпада мына мәтіндер жазылып, оқушыларға ұсынылады.
1. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттері.
2. Амандасу салты.
5 - сайыс. Белгілі ақпаратты еске түсіру, қайта жаңғырту: Техникалық диктант жазу.
Екі топқа карташалар таратылады, бос орынға керек сөздерді жазады.

Техникалық диктант
Wordpad _____________ редактор. Мәтінді ____________ көмегімен теруге болады. Wordpad бағдарламасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін, _______________ менюіне _______________ командасын таңдау керек. Пішімдеу ол: әріптің ____________ таңдау, оң жақ, сол жақ ортасы бойынша ____________. Жұмыс аймағында _________нүктесі және _____________ орналасқан. Мәтін ___________________ енгізіледі.

Ұшқыр ой ойыны. Тақтадан Аңдар жарысы ертегісінің суреті көрсетіледі. Оқушылар сол сурет бойынша әңгіме құрап, компьютерде орындайды.
Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылай келе «білмегенін сұрап, үйренген – ғалым, арланып сұрамаған - өзіне залым демекші, кімде қандай сұрақтар бар?» Сұрақ – жауап арқылы сабақты аяқтаймыз.
Үйге тапсырма беру. «Wordpad ертегі әлемінде» тақырыбына шығарма жазып келу. (Мазмұнында толық мәтінмен жұмыс қарастырылу керек: мәтінді теру, пішімдеу, сақтау). Көлемі 1 беттен артық болмауы керек.
4 566
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×