Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютердің пайдасы мен зияны

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдасы және зияны»
Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты 7А сынып оқушылары арасындағы дебатта бас қосып отырсыздар. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Компьютер түрлерін слайдта көрсету.
Бүгінгі дебат тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.

Сабақтың түрі: Дебат /пікір – талас/

Сабақтың мақсаты:
білімділік: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
дамытушылық: білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту. тәрбиелілік: білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Пікірталас (дебат)
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар /

Бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Намыс» тобы сөз қозғайды.
Яғни жақтаушылар құрамында-------------------------
Компьютердің зияны туралы «Мұрагер»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар--------------------------
Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Әр топ өздерін таныстырады;
2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минутты сақтау)
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
4. ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)
5. қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз

Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.

ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстыра неше бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл
демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Сарапшыларымыз:
----------------------------------------------
Топтың аты: «Намыс» «Мұрагер»

1. Жүргізуші ашық пікір – таластың ойын – шартымен таныстырады.
Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады.
Регламинт 5 – 7 минутты сақтау
Ашық дауыс беру / көрермендер мен жюрилер/

2. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.
1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы

1. «Намыс» тобының мүшесі 7 «А» сыныбының оқушысы _______________ ханымға береміз.
Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор».
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой - өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз.

Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің пайдасы мен зияны
Компьютердің пайдасы мен зияны
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны. - Компьютермен дұрыс жұмыс жасай білу қаншалықты маңызды? - Компьютер мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернеттің пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау, қорытындылау. Тәрбиелік: Балаларға интернеттің пайдасы мен зияны жайлы айту, зиянды ойындардан, бұрыс жақтарынан сақтау.
Болашақ информатиктер
Болашақ информатиктер
Адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат неше түрге бөлінеді? (5 түрге. Көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сезу) Ақпаратты өлшеудің ең кішкене өлшем бірлігі? (Бит) 1 байтта неше бит бар? (8)
PAINT - қа саяхат
PAINT - қа саяхат
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Информатика мұхитына саяхат
Информатика мұхитына саяхат
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)
Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)
Интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×