Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)

10 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: «Информатика пәнінің тапқырлары»
Сыныбы: 6 а, ә, б сыныптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: сыныптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: а
- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде тортар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика тапқырлары» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Сайысымызға 6а, 6ә, 6б сыныптарынан құралған үш топ «Информатика пәнінің тапқырлары» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 6 - сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы:
-
Мүшелері:
1. Налибаева С. А.
2. Елғонова Г. А.

Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1 - бөлім «Таныстыру»
2 - бөлім «Құпия алаң»
3 - бөлім «Шешімін тап»
4 - бөлім «Бәйге»
5 - бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
6 - бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»
7 - бөлім « Мақал – сөз мәйегі»
8 - бөлім «Полиглот»
9 - бөлім «Байқағыштығыңды байқат»
10 - бөлім «Логикалық тапсырмалар»

Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
1 - бөлім - «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1 - топ «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2 - топ «Ақпарат»
Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»
3 - топ «Интернет»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ - қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады).
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 132
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еңбек ауылы, №242 Сығанақ негізгі орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі: Ержігітов Таңатар Есенгелдіұлы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Озық ойлы дарындылар
Озық ойлы дарындылар
Атырау қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Динара Тастемірова Ерболқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×