Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру

29 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сынып: 8
Сабақтың мақсаты: Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Функция шебері көмегімен функцияларды қолдану, дайын функциялардың түрі мен қолданылуын тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: Сабақта оқушылардың шығармашылық және ойлау іс - әрекеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптасуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Бір - бірімен ынтымақтаса, ұқыптылықпен өзара көмек көрсете алуға тәрбиелеу. Халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сүюге тәрбиелеу.
Құзыреттілігі: Оқушыларды бәсекеге қабілеттілікке баулу, ақпарат жинау, өңдеу.
Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың әдісі: Қайталау сабағы.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Тірек схемалар.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг:
1. Сыныптың санитарлық – гигиеналық жағдайын көру.
2. «Амандасу» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады.
Шеңберге тұрып, бірімен - бірі қол алысып амандасып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
3. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

III. Үй тапсырмасын сұрау:
Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру тәсілдерін пайдалана отырып, өмірмен байланыстырып слайдтар жасау терілген. Берілген тапсырмаларын екі топтан оқушы шығып жасап, әкелген үй тапсырмасын қорғайды.

IV. Тапсырмалар
Теориялық жағынан пысықтау. Экранда функциялар мен диаграммалардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарап сипаттама береді.

V. Практикалық жұмыс
Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмын.
Наурыз көженің шығынын есептеңдер.
Сендердің қолдарына 2000 теңге ұсынамын.
Құрамы: 1 келі ет
100 грамм бидай
100 грамм күріш
100 грамм тары
Тұз
Айран
Су
V. Практикалық жұмыс
Наурыз көженің шығынын есебінің диаграммасын түзіңдер.
VI. Сергіту сәті
Сергіту сәтінде ұлттық ойын «асық ату» арқылы жасырылған
сөзжұмбақтарды шешу.
VII. Логикалық есептер
1. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Шешімі: 3+3=6 6 - 5=1 3+1=4л

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Математика пәнінен орта мерзімді сабақ жоспары
Математика пәнінен орта мерзімді сабақ жоспары
Тригонометриялық функциялар туындысының формулаларын қорытып шығару, мысалдарда қолданып үйрену. А деңгейлі есептерден шығаруға жаттықтыру.
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Деректерді өңдеудің Excel электронды кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету.
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру
Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану
Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану
Кестелік процессор туралы білімдерін еске түсіру. Функция түсінігін, функциямен жұмыс істеу негіздерін түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×