Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру

16 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы:
«Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың программалауға қызығушылық қабілетін арттыру»
Ж О С П А Р:
І. Кіріспе
Білім беруде жаңа технологияларды қолдану тиімділігі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Информатика пәнін оқыту процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында деңгейлік тапсырмалар бере отырып, Паскаль тілінде есептер шығару.
ІІІ. Қорытынды
Деңгейлеп оқытуды пайдалануда қол жеткізген жетістіктер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
“ Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек ”

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н. Ә. Назарбаев

Кіріспе
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді. Білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз
2
болуы мүмкін емес. Осы орайда белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқытуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірімен келіспеске болмайды.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдерімен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс - тәсілдері арқылы, шәкірт жүрегінен орын алады. Мұғалім, қызықты, сапалы сабақты өткізу үшін көп ізденеді. Сабақ үстінде көп сөйлемей, яғни оқушыларды сөйлетуді қадағалап, бағыт беріп отырады. Жаңа технологияларды қолдануда әрбір мұғалім, өзінің біліктілігін, шеберлігін көрсете білсе, онда кәсіптік шеберлігі артады. Сондықтан заман талабына сай жаңа оқу үрдістерін тиімді пайдаланудың маңызы зор деп білемін.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1 - орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын - ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін - бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Оқушыға сапалы білім беру үшін алдымен оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру және мұғалімнің шеберлігін шыңдау қажет. Оқушының пәнге қызығушылығын ояту үшін компьютердің бүгінгі таңдағы рөлі, компьютерді меңгере алмағанға жұмыс жоқ екендігін және компьютермен жұмыс істеуде уақыттың үнемделуін, ақпарат алмасудың тиімді жақтарын көрсете білу қажет.
Ал, мұғалімнің шеберлігі мен білімін арттыру үшін өзара сабаққа ену, ашық сабақтарға, ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысып және түрлі әдістемелік оқулықтарды пайдалана отырып білімін, шеберлігін арттырады.
Білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже.
Бүгінгі тамыз пед оқуына қатысып баяндама оқуымдағы басты мақсатым сіздермен тәжірибе алмасу.

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек»
(Жүсіпбек Аймауытов)

Заман талабы мұғалімнен де, оқушыдан да жаңаша көзқарасты, терең ойлауды талап етеді. Сондықтан өмір кешінен қалмай жас ұрпақты көкірегі ояу, іздемпаз, шығармашылықпен жұмыс істей алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт - сана көрінісіне, казіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім - тәрбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне - өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өз бетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
MathCad бағдарламасы
MathCad бағдарламасы
Ақмола облысы, Ушаков орта мектебі Егіндікөл ауданы 8 сынып оқушысы Артықбаева Анара Жетекшісі: Нұрмұрат Әл - Фараби
Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану – заман талабы
Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану – заман талабы
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы №98 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садықова Сабира Елбосынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×