Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Visual Basic – те программалаудың негіздері

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: VISUAL BASIC – те программалаудың негіздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: VISUAL BASIC - те бағдарламалау негіздері туралы түсінік беру.
Базалық компоненттердің тағайындалуын, қасиетін, оқиғасын және тәсілін білу қажет. Оларды қойылған есептерді шешуде пайдалану жолын үйрету. беттерімен таныстыру.
Дамытушылығы: VISUAL BASIC - те бағдарламалау негізде жүйелі жұмыс жасауға үйрете отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Білімділігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Теориялық сабақ
Сабақтың типі: Көрсете – түсіндіре баяндау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
ІV. Тапсырмалар орындау
V. Сабақты бекіту
VI. Бағалау
VII, Үйге тапсырма

Үй тапсырмасына шолу жасау:

1. VISUAL BASIC ортасын қалай ашамыз?
2. VISUAL BASIC ортасы неше бөліктен тұрады?
3. Форма неден тұрады?
4. Оқиға, қасиет, әдіс дегеніміз не?
5. Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент?
6. Форманың негізгі қандай қасиеттері бар?

Жаңа сабақты түсіндіру
VISUAL BASIC өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішіндер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастыруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады. VISUAL BASIC - те бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс BASIC стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы.
VISUAL BASIC алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы ерекшеліктерін оқып - үйренуге өте сай келеді, сондай - ақ кез келген тұрпаттағы қуатты қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар. Жасалынып жатқан бағдарламаларда Windows Api құралдарын пайдалану қолданбаларының мүмкіндіктерін шексіз кеңейтуге жол ашады.
VISUAL BASIC – ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.. Терезе үш қосымша беттен тұрады: New – Жаңа жобалар, Existing – Қолданыстағы жобалар, Recent – Жақында пайдаланылған жобалар. New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсыңдар.
Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдайға болады. Бұл сендердің немесе басқа біреудің бұрын дискіге жазылған жобасы болуы мүмкін. Сондай – ақ VISUAL BASIC комплектісінен әлдебір үлгіні таңдап алуға болады.
Recent - қосымша беті Existing қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.
VISUAL BASIC - пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады, алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан Newқосымша бетіндегі Standart EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобаларының менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. Экранда Progect1 - Microsoft Visual Basic /desigh/ жаңа жобасының үнсіздік бойынша меншіктелген аты, оны кез келген уақытта өзгертуге болады. Бұл терезеде мыналар бар: ол - терезелер, менюлер, инструменттер панельдері, олар - даярламаның жинақталған ортасы деп аталады. IDE – Visual Basic - ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады. IDE бірнеше элементтерден тұрады:
• Басты меню;
• Инструменттер панелі;
• Жоба терезесі;
• Қасиеттер терезесі;
• Пішін макетінің терезесі;
• Элементтер панелі;
• Пішіндер конструкторы;
• Объектілерді қарау терезесі
Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Ол сендерге Windowsтың басқа қолданбалары бойынша таныс менюлерге өте ұқсайды. Сол жақта файл меню тұр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 704
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика пәнінен қорытынды тестілеу жұмысы
Информатика пәнінен қорытынды тестілеу жұмысы
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ информатика пәні мұғалімі Ибраемова Жумаганым
Пішіндер және объектілер
Пішіндер және объектілер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №163 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Келесбекова Гүлнар
Visual Basic бағдарлама ортасы
Visual Basic бағдарлама ортасы
Тақырыбы: Visual Basic бағдарлама ортасы
Timer - таймер
Timer - таймер
Сыныбы 10 сынып Пән мұғалімі: Калиева Эльмира Жилкамановна
Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі
Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды селосы, №3 жалпы орта мектебі физика және информатика пәні мұғалімі Әбдіхалық Айнұр Таңатарқызы
Visual Basic Пішін
Visual Basic Пішін
Ақпараттану сабағы Тақырыбы: «Visual Basic.Пішін. Қасиеттері, оқиға, тәсілдер» Сабақ типі: Аралас сабақ Мақсаты: Пішін, қасиеттері, оқиғалар және тәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×