Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты информатика

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызықты информатика
Сабақтың мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстративті, репродуктивтік, ой жинақтау, СТО әдістері.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі материалдар, постер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21 – ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Құрметті ұстаздар, оқушылар «Қызықты Информатика» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етеңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Оқушыларға компьютердің енгізу және шығару құрылғылары жазылған карточкалар таратылады.
1 топ – компьютердің құрылғылары
2 топ – ақпарат терминдері.
Карточкалардағы сөздер: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, сканер, принтер, колонкалар, джойстик, модем, бит, байт, код, ақпаратты сақтау, ақпаратты өңдеу, information, таңбалы ақпарат, бейнелі ақпарат.
1 топ – «Компьютер» тобы
2 топ – «Ақпарат» тобы

ІІ. Сайыс кезеңдері.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Таныс болайық:
1. Сөз тапқанға
2. Инфо білім
3. Ойлан, тап!
4. Мені түсін
5. Жылдам тағы да жылдамырақ!
6. Қиял әлемі
1. «Сөз тапқанға» кезеңі.
Қиындықтан өткізер – дей отырып сайысымыздың алғашқы бөлімі «Сөз тапқанға» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Сайысымыздың аты «Қызықты Информатика» болғандықтан осы бөлімнің маңызы зор. Бұл бөлімде өмірде болып жатқан қызықты сұрақтар қойылады және сол сұрақтарға топқа берілген әріптен басталатын жауап айту керек. Толық жауапқа – 10 ұпай, жартылай – 5 ұпай.
1 - топ: Қ әрпі
2 - топ: Ж әрпі

1 - топқа:
1. Интернет не үшін керек?
2. Саған ұнайтын компьютердің бағасы қанша?
3. Кітапханадан қандай кітап алдың?
4. Ноутбук сатып алғың келеме?
5. Агентте кімге хат жазасың?
6. Информатика пәні ұнай ма?
2 - топқа:
1. Компьютерді қалай өшіру керек?
2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
3. Компьютер не үшін керек?
4. Вирусты қалай жоясың?
5. Интернеттен не іздейсің?
6. Саған ұнайтын ноутбуктың бағасы қанша?
(Әділ – қазылар алқасына қызықты бағаларын көрсек.)

2.«Инфобілім» кезеңі.
Оқушыларға «Ақпарат, компьютер, Paint» тақырыптары бойынша 4 ұяшықтан тұратын сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап ұяшықтың ұпайларымен саналады.
Әрбір ұяшықта деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар жасырылған, таңдаған ұяшыққа байланысты ұпай беріледі.

«Ақпарат» тақырыбы:
10 ұпай. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан?
20 ұпай. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу.
30 ұпай. Ақпаратты жеткізу арналары.
40 ұпай. Адам қабылдайтын ақпарат түрлері.

«Компьютер» тақырыбы:
10 ұпай: Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
20 ұпай: Бұл құрылғыға дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған.
30 ұпай: Компьютердің жұмысын басқарады және программадағы барлық командаларды орындайды.
40 ұпай: Ақпаратты шығару құрылғылары.

«Paint» тақырыбы:
10 ұпай: Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал.
20 ұпай: Суреттің бөлінген бөлігі.
30 ұпай: Тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйтын құрал.
40 ұпай: «Paint» сөзінің ағылшынша мағынасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 122
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика әлемінде
Информатика әлемінде
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×