Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интернеттен ақпарат іздеу

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: «Интернеттен ақпарат іздеу»

Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету
А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру
Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Көрнекілік: компьютер, кітап - журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой шақыру - қызығушылықты ояту кезеңі
ІІІ. Жаңа білімді игеру
IV. Ептілік кезең - шығармашылық жұмыс
V. Сергіту кезеңі -”Кім жылдам” ойыны
VІ. Электронды оқулықпен жұмыс
VІІ. “Ішіне - сыртына” стратегиясы
VІІІ. Бекіту. Қорыту
ІХ. Бұл кімнің сөзі?......
Х. Үйге тапсырма беру. бағалау
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
 Сәлемдесу
 Түгендеу
 Сабаққа даярлығын тексеру
ІІ. Ой шақыру
Жасырылған сөзді табу
/блиц - сұрақтар арқылы/

1. Хаттама дегеніміз не?
2. Желі түрлерін атаңыз
3. Телеконференция деп нені айтады?
4. WWW терминологиясының түсіндірмесі қалай?
5. ЭП-ны ұйымдастыру принциптері?
6. Гипербайланыс дегеніміз не?
7. Гипербайланыс қалай жүзеге асады?
8. ДК желімен байланысу үшін қажет құрал.

Қызығушылықты ояту-жаңа білімге бойлату
Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.

ІІІ. Жаңа сабақ - көкейкесті ұғымдар.
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

IV. Жаңа түсінікті тексеру (іскерлік тапсырмалар орындау)
“Интернет - жаңа білім негізі”
І деңгей.
1. WEB құжаттармен жұмыс
2. ҰБТ-ға байланысты ақпараттар іздеу
3. Ізделінген нәтижені өз компьютеріңіз ге жүктеу
4. “ҰБТ туралы мәлімет” деген атпен сақтау
5. Осы тақырыпта презентация дайында,оны сақтау.
ІІ деңгей
1. Іздеу жүйесін жүкте
2. www.google.kz сайтын үй беті ретінде сақтап қой
3. Ақпараттық технологиялар туралы мәлімет ізде
4. Мәліметті оқып, танысып, өз компьютерінде сызба дайында
5. Жұмыс нәтижесін “11сынып” қапшығында сақта

. “Кім жылдам” ойыны - сергіту кезеңі
Төменде тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.

1. http//www.yandex.ru/tdb/vtdbear.htm адресіндегі vtdbear.htm мәтіні нені білдіреді
a) Хаттаманы
b) Компьютер атын
c) Web беті
d) Файл атын
e) Қапшық атын
2. Графикалық файлдардың кеңейтілуі
a) html
b) gif
c) avi
d) mov
e) mid
3. MS IE браузер мүмкіндігіне жатады
a) Электронды пошта қызметін пайдалану
b) Құжаттарды түрлендіру
c) Бір мезгілде бір тереземен жұмыс істеу
d) Бұрын қаралған құжатты кері қарай алмму
e) Ағымдағы беттен ақпарат іздемеу
4. 1966 жылы жұмыс бастаған сайт
a) www.ramblerr.ru
b) www.google.ru
c) www. Yandex.ru
d) www.yahoo.com
e) дұрыс жауабы жоқ.
VІ. «Ішіне – сыртына» стратегиясын орындау

Мына сөздердің «Интернеттен ақпарат іздеу» деген тақырыпқа қатысы бар деген сөздерді «ішіне», мүлде қатысы жоқ дегендерді «сыртына» жазыңдар:
Веб құжат,URL , файлдық, информатика, принтер, желілік қоршау, ресурс, амалдық жүйе, каталог, браузер, компьютерлік вирус, детектор, интерфейс, күрделі индекс, ревизорлар
Ішіне Сыртына

VІІ. Бекіту, қорытындылау
Электронды оқулықпен жұмыс

VІІІ. Бұл кімнің сөзі?
«Интернет-ақпараттық магистраль» деген сөздің авторын табу және сол адам туралы мәлімет беру

Жауабы: Билл Гейтс
Билл Гейтс және Microsoft фирмасы
1955 жылы қазан айында Сиэтлде қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.1975 жылы Билл Гейтс және Пол Аллен бірігіп, университет бітірулеріне 2 жыл қалғанда Microsoft деп аталатын фирма ашты. Алғашында Билл программа құрып, көп ізденсе, кейіннен басқа әдіс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды да қоса фирманы сатып алды. Осылайша Microsoft империясы пайда болды.
ІХ. Үйге тапсырма
Материалды қайталау 3.2 тақырып
“Жаңа ғасыр тапқырлары” тақырыбына реферат іздеу
Бағалау
16 875
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер
Тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×