Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балдәурен информатиктер

04 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Кызылорда қаласы,
Ә.Молдағұлова атындағы
№173 орта мектеп мұғалімі
Баян Баймишева

Информатика 5 сынып
Тақырыбы: «Балдәурен информатиктер» сайысы
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын құрметтеуге тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың жинақтаған білімдерін тексеру, жүйелеу және қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын, ұжымда жұмыс істей алуын дамыту.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Сайысымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Мектепішілік «Балдәурен информатиктер» білімділік сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса бүгінгі білімділік пен тапқырлыққа негізделген сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
____________________________________________________________________________
«Балдәрен информатиктер» білімділік сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1 - бөлім Таныстыру
2 - бөлім Кім жылдам?
3 - бөлім Сұрақ - жауап
4 - бөлім Ғажайып алаңы
5 - бөлім Жұмбақтар әлемінде
6 - бөлім Капитандар сайысы
7 - бөлім Қорытынды

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды, білімді жас талантқа,
– дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.

1 - бөлім Таныстыру
Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

2 - бөлім Кім жылдам?
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, – дей отырып, ойынымыздың Кім жылдам? деп аталатын бөлімін бастаймыз. Әр сөз 1 ұпайдан есептеледі.

3 - бөлім Сұрақ - жауап
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Сол сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1 - топ
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
3. Бума дегеніміз не?
4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (Антивирус)
5. Бір байтта қанша бит бар? (8)
2 - топ
1. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)
2. Компьютердің «миы»? (процессор)
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны?
4. Мәтінді жою пернелері? (Delete, Backspace)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (монитор)
3 - топ
1. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (Кактус)
2. Бір байт неше биттен тұрады? (8)
3. Файл дегеніміз не?
4. Сурет салуға арналған программа (Paint)
5. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
4 - топ
1. Алмасу буфері дегеніміз не?
2. Қоржынды жоюға бола ма?
3. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)
4. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне? (CapsLock)
5. Қазақша әріптер пернетақтаның қай бөлігінде орналасқан?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
«Балдәурен» ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі Апталық тақырып: Құстар біздің досымыз. Қыстайтын, жыл құстары.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында № 10 орта мектепте информатика пәні мұғалімі Жакипова Анар Тойшибековна
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Пәндер эстафетасы
Пәндер эстафетасы
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, Б. Майлин орта мектебінің математика пәні мұғалімі Юсбекова Анар Пазылбекқызы
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Азат Сейылқан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×