Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік графика және дизайн (таңдау курсы)

05 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы.
Информатика пәнінің әдіскері
Бабашев Мадияр Асанович

Компьютерлік графика және дизайн (қолданбалы курс бағдарламасы)

Түсініктеме хат
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданылады. Олар – әр түрлі қолданбалы және әр түрлі ғылыми аймақтардағы ізденушілер, суретшілер, құрастырушылар, компьютерлік беттеуші (верстка) мамандары, дизайнерлер, мультимедиа - презентацияларының авторлары, медицина мамандары, мата өнімдері модельерлері, фотографтар, сәулетшілер, теле және бейнемонтаж мамандары және т. б. Компьютер экранындағы кескіндер графикалық программалар арқылы құрылады және растрлық, векторлық редакторлар арқылы өңделеді. «Компьютерлік графика және дизайн» курсында иллюстрациялар құру және кескіндерді өңдеуге яғни векторлық және растрлық бағдарламаларға басты назар аударылады.
Оқушылардың шығармашылық мәселесі жеке тұлға психологиясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылар шығармашылығының байқалуы ұсынылған ойлау тапсырмаларын орындау сипаты арқылы анықталады. Оқушылардың шығармашылық іс - әрекетінің төмендегідей компоненттерін ерекшелеуге болады:
- ішкі мотивациясының басымдылық рөлі;
- мәселені қою мен оны шешуде байқалатын зерттеу және шығармашылық белсенділік;
- шешімді болжай білу мүмкіндігі;
- жоғары талғамды өнегелі интеллектуалды бағалауды қамтамасыз ететін, идеалды эталондар құру қабілеті.
Ұсынылып отырған элективті курста оқушылардың шығармашылығын дамыту олардың танымдық іс - әрекетін ерекше жолмен ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Курс бағдарламасы оқушылардың зерттеу және шығармашылық ақуалын оятуға мүмкіндік беретін іс - әрекет түрлерін меңгеруге қажетті жағдайлар құруға негізделеді. Бүгінгі таңда Photoshop, CorelDraw программалары компьютерлік дизайн курсын жүзеге асырудағы қуатты программалардың бірі болып табылуда. Бұл курс мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыру және келешектегі кәсіптік мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ету үшін құрастырылған. Бағдарлама осы аталған программаларды меңгеруге қажетті материалдар мазмұнынан тұрады. Курс аптасына 10 - 11 сыныптарда 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген.

Курстың мақсаты

- оқушылардың санасында әлемнің ақпараттық бейнесін қалыптастыру;
- іс - әрекет құралы ретінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктері;
- компьютерлік интуицияны қалыптастыру;
- компьютерді практикада тек тиімді болған жағдайда ғана пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
Операциялық ойлау стилін қалыптастыру: Ол төмендегідей іскерліктердің болуымен негізделеді:
- есепті формалдау;
- одан логикалық өзіндік бөлімін ерекшелеу, бұл бөліктердің өзара байланысын анықтау;
- технологиялармен орындауға қажетті шешімді жобалау;
- нәтижені анықтау;
- компьютер қамтамасыз ететін қазіргі технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенді шығармашылығын конструкторлық және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- 10 - 11 сынып оқушыларына осы бағдарламалар құралдарын мысалға ала отырып, растрлық және векторлық графика туралы түсініктерін қалыптастыру және аталған программаларды жеке мақсаттарын жүзеге асыруда, болашақ кәсіби қызметтерінде еркін пайдаланатындай дәрежеде меңгеру.

Курс міндеттері:
- кескіндерді сақтау және тұрғызу принциптеріне тереңірек түсінік қалыптастыру;
- графикалық файлдардың форматтарын меңгеруге және оларды әр түрлі графикалық программаларда қолдануда пайдалану;
- компьютерлік графика негізін әр түрлі графикалық программаларда қолдануды қарастыру;
- графикалық программалар құралдарын пайдаланып оқушыларды өздерінің жеке кескін жұмыстарын құру және редакторлеуге үйрету;
- әр түрлі программалар арасында графикалық деректер алмасуға үйрету.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютердің мониторы екі режимде: мәтіндік және графикалық режимдерде жұмыс істей алады. «Компьютерлік графика» деген сөз тіркесі қазіргі уақытта жиі қолданылады. Компьютерлік графика дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?
Объектілермен орындалатын амалдар
Объектілермен орындалатын амалдар
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлау әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданылады
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сагинтаева Лайла Маркашовна
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Умирзаков Еркебулан Саматович
Компьютерлік графикадан тест сұрақтары
Компьютерлік графикадан тест сұрақтары
1. Компьютерлік графика – бұл А) ақпаратты өңдейтін ғылым Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым С) математикалық формулаларға негізделген ғылым Д) суреттерді өңдеу, салу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×