Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

12 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы.
Информатика пәні мұғалімі Арна Кидиршаева

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электрондық кесте MS Excel - де деректер базасын құру. Оқушыларды мәліметтер қоры түсінігі, ақпаратты кестелік түрде өрнектеу жолдарымен және алаң түсінігімен таныстыру.
Дамытушылық: Деректер базасын құруда қолдану дағдысын қалыптастыру, деректер базасын пайдаланып, оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.
Тәрбиелік: Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабағы.
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекіліктері: Кестелер, тест тапсырмалары, таратпа материалдар, слайдтар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Дербес компьютер, MS Excel бағдарламасы, ИТ.
Пәнаралық байланыс: логика.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V. Үй тапсырмасы
VI. Қорытындылау
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты электрондық кесте MSExcel - де деректер базасын құрып үйрену, оны ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау барысында қолдана алу. МБ практикада қолданылуы туралы түсінік беру. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтаңдар.

Спринт сұрақтары
1) MS Excel – де диаграмма құру командаларын ретімен орналастыр.
А) берілгендерді енгізу; б) диаграмма; в) берілгендерді белгілеу; г) қою
2) MS Excel электрондық кестесінің ең кіші элементінен бастап орналастыр;
А) жұмыс парағы; б) жұмыс кітабы; в) ұяшық;
4) Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз;
А) мегаБайт; б) бит; в) Гигабайт; г) байт
5) Бума құру үшін команданың ретін ата:
А) Бума(папка); б) құру (создать); в) ат енгізу

3. «Домино» ойыны
Оқушыларды ойының шартымен таныстыру.
Әр оқушыға жеке кеспелер дайындалады. Кеспе екі бөліктен тұрады. Бір бөлігінде сұрақ, ал екінші бөлігінде басқа бір кеспедегі сұрақтың жауабы. Бірінші сұрақ оқылғанда дұрыс жауапты тапқан оқушы қолындағы кеспеден жауапты оқып, өзінің сұрағын оқуы керек. Осылай ойын жалғаса береді

III. Жаңа сабақ
Мәліметтер қоры – қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мысалы, мәліметтер базасында кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады. МБ, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді.
MS Excel кестелік процессорында тізім деп, жолдары біртектес мәліметтерден тұратын кестені айтады. MS Excel кестелік процессорында тізімді мәліметтер қоры деп атайды. Жолды мәліметтер қорының жазбалары, ал бағандарды сол мәндердің алаңдары деп атайды.
МҚ – белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Excel – де МҚ құру кезінде төмендегідей термин сөздер қолданылады:
Тізімнің жолы – МҚ - ның жазбалары, жазулары;
Тізімнің бағаны – МҚ - ның өрісі, алаңы.
МҚ - ның құрылымдарына шектеулер бар:
Мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын өріс аттары болу керек;
Мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болу керек;
Өріс (баған) бойынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек қана мәтін болу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 234
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар ИНФОРМАТИКА 11 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар ИНФОРМАТИКА 11 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелері және жұмыс орнын ұйымдастыру
Информатика пәнінен 8-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 8-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 8-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Деректерді өңдеудің Excel электронды кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету.
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Microsoft Excel кестелік процессоры
Microsoft Excel кестелік процессоры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, "Қызылтөбе лицейі" инфрматика пәні мұғалімі: Нагашбаева Гулзира Рахановна
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×