Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары

23 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Қызылорда қаласы
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
Информатика пәнінің оқытушысы
Тілеуімбетова Индира Алдабергенқызы


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың компьютердің құрылғылары, Ms Word мәтіндік редакторы, Ms Excel электрондық кесте және интерактивті тақтаның мүмкіндіктері жайлы толық білімін қалыптастыру. Берілген мәліметтерді пайдаланып, әртүрлі интерактивті тақтаның тапсырмаларын орындау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін, интеллектуалдық белсенділігін дамыту, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу

Кәсіби: Оқушыларды компьютерлік жауапкершілікке, кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушының болашақ мамандығына байланысты түрлі әдістерді үйрету арқылы әдістемелік бағыт беру. Практикалық тапсырмалардың көп түрлілігі оқушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдаланатын шынайы өмірмен кездесуге дайындайды

Сабақтың түрі: Семинар-тренинг

Сабақтың типі:
Білімді жинақтау және жүйелеу

Оқыту технологиялары:
Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
Дамыта оқыту технологиясы /ДОТ/

Оқыту әдістер:
Сұрақ-жауап әдісі, салыстыру әдісі, баяндау әдісі, зерттеу әдісі, сәйкестендіру әдісі

Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік:
Интерактивті тақта, компьютер, фишка

Пәнаралық байланыс:
математика, экономика, тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. «PROMETHEAN» фирмасының арнайы шығарылған кітабы
2. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулығы
3. «Информатикадан 30 сабақ», Бөрібаев, Балапанов
4. «Информатика», М.Байжұманов, Л.Жапсарбаева
5. «Информатика негіздері», Г.Жапарова
6. «Информатика негіздері» журналы

Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін және компьютерді пайдалана отырып, дербес компьютердің құрылғыларын, Ms Word мәтіндік редакторын және Ms Excel электрондық кестесінің толық мүмкіндіктерін игереді және еркін жұмыс жасауды біледі.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1. Ұйымдастыру жұмыстары
a. Кабинет тазалығы, сабаққа дайындығын қадағалау
b. Оқушыларды түгендеп журналға белгі соғу
c. Оқушылар назарын сабаққа аудару
d. Оқушыларға бағалау жұмысы бағалау парағы арқылы іске асырылатыны ескертіледі

1.2. Сабақтың мақсатын қою және мотивация әдісі

ІІ. Теориялық материалдарды қайталау

2.1. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
а) Оқушыларға үйге тапсырма ретінде берілген зерттеу жұмыстарын нәтижесін талдау

2.2. Дербес компьютердің құрылғыларына шолу жасау
а) Интерактивті тақтамен тапсырмалар орындау
ә) Электрондық оқулықпен тапсырмалар орындау

2.3. Microsoft Word мәтіндік редакторымен жұмыс
а) Электрондық оқулықпен тапсырмалар орындау

2.4. Microsoft Excel электрондық кестесімен жұмыс
а) Интерактивті тақтамен тапсырмалар орындау
ә) Электрондық оқулықпен тапсырмалар орындау

ІІІ. Практикалық тапсырмаларды және жаттығуларды орындау.

3.1. «Сандар сыр шертеді» кезеңі
а) Ұяшықтағы жасырылған тапсырмаларды өз бетінше орындау

3.2. «Адасқан сөздер» кезеңі
а) Тақтада шашырылған сөздерден сөйлем құру

ІҮ. Сабақты бекіту
4.1. Тест тапсырмаларын орындау

Ү. Қорытындылау және бағалау

Әр оқушы кезең бойынша жиналған фишкалары арқылы қорытынды баға қойылады.

ҮІ. Үйге тапсырма
1. Интерактивті тақтаның ActivTablet, ActivSlate, ActivPanel және ActivOte құрал-саймандарын туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу
2. Электрондық оқулықтағы қалған тапсырмаларды орындап келу
3. Қалаған тақырыпта флипчарт құрып келу

САБАҚТЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Ұйымдастыру жұмыстары
/Аудиторияға кірісімен аудитория тазалығына қарау, оқушылардың кітап-дәптерлерінің түгелдігін тексеру, компьютерлердің, тақтаның ток көзіне дұрыс қосылғандығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару/

1.2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ІІ. Теориялық материалдарды қайталау

2.1. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері. /Зерттеу әдісі/
/Оқушыларға үйге тапсырма ретінде берілген зерттеу жұмыстарын нәтижесін талдау/

1. Интерактивті тақта дегеніміз не?
2. ACTIVboard пен ACTIVpen құрал-саймандары туралы не айта аласыз?
3. ACTIVstudio Professional Edition дегеніміз не?
4. Флипчарт дегеніміз не?
5. Негізгі құралдар тақтасы?
6. Арнайы құралдар тақтасы?
7. Флипчарттың құралдар тақтасы?
8. Кітапхана ресурсы
9. Флипчарттың бетін өңдеу құрал-саймандар қатар?
10. Объектіні өңдеу құрал-саймандар тақтасы?

2.2. Дербес компьютердің құрылғыларына шолу жасау
/Тапсырмаларды орындау/

а) Интерактивті тақтамен жұмыс
/Интерактивті тақтаның перде /шторка/, өшіргіш мүмкіндіктер жұмыс жасайды/

1. Жүйелік блок (Компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енігзу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді)
2. Монитор (Мәліметтерді экранның бетіне шығаратын құрылғы)
3. Ақпаратты қағазға шығарады, бұл құрылғы қалай деп аталады (Принтер)
4. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны мекені. (Кактус)
5. Ауқымды желіге қосылу құрылғысы (Модем)
6. Әріптік-сандық ақпараттарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
7. Дыбыстық ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы (Микрофон)
8. Дыбыстық ақпараттарды шығаруға арналған құрылғы (Колонкалар)
9. Кернеу ауысқанда немесе электр энергиясы өшіп қалғанда компьютерді қорғайтын құрылғы
(Кернеуді үздіксіз қамтамасыз ету құрылғысы немесе UPS)

ә) Электрондық оқулықпен жұмыс
/Электрондық оқулықтағы І модульдің 3, 4, 9 тапсырмалары қолданылады. Электрондық оқулықпен жұмыс жасаған кезде оқушылар жеке компьютермен де жұмыс жасайды/


2.3. Microsoft Word мәтіндік редакторымен жұмыс
/Электрондық оқулықтағы ҮІ модульдің 1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмалары қолданылады. Электрондық оқулықпен жұмыс жасаған кезде оқушылар жеке компьютермен де жұмыс жасайды/

1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу
2. Microsoft Word мәтіндік редакторының терезесін сипаттау
3. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру
4. Microsoft Word мәтіндік редакторында сақталған құжатты ашу
5. Стандартты және форматтау құрал-саймандары тақтасына сәйкес батырмаларды таңдау

2.4. Microsoft Excel электрондық кестесімен жұмыс
а) Интерактивті тақтамен жұмыс

1. Интерактивті тақтада Microsoft Excel-дің терезесі берілген интерактивті тақтаның рентген құралы арқылы жүзеге асады
2. Интерактивті тақтада Microsoft Excel-дің стандартты және форматтау құрал-саймандар тақтасы деп жазылып тұрады және оларға тән батырмалар топтамасы берілген, солардың ішінен әр құрал-саймандар тақтасына сәйкес батырмаларды оқушылар өз құрал-саймандар турасына апарып қояды

ә) Электрондық оқулықпен жұмыс
Электрондық оқулықтағы ІХ модульдің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 тапсырмалары қолданылады. Электрондық оқулықпен жұмыс жасаған кезде оқушылар жеке компьютермен де жұмыс жасайды/

ІІІ. Практикалық тапсырмаларды және жаттығуларды орындау.

3.3. «Сандар сыр шертеді» кезеңі
/Интерактивті тақтада 9 ұяшық тұрады, әр ұяшықты басқанда астынан тапсырма шығады, оқушылар жеке жұмыс жасайды/

Оқушыларға берілетін жеке жұмыстың тапсырмалары:
1. Жұмыс үстелінен Жаңа бума ашып, Word мәтіндік редакторы мен Excel электрондық кестесінен жаңа құжат ашыңыз.
2. Ақпаратты тасымалдаушы құрылғымен жұмыс жасаңыз
3. Ms Word-та мәтін теріп, терілген мәтінді форматтаңыз
4. Ms Word-та кесте құрыңыз
5. Ms Word-та автофигуралармен жұмыс жасаңыз
6. Ms Word-та титульный бет жасаңыз
7. Ms Excel-де диаграмма құрыңыз
8. Ms Excel-де формуламен жұмыс жасаңыз
9. Ms Excel-де мәліметтер базасын құрыңыз/сұрыптау/

3.4. «Адасқан сөздер» кезеңі
/Интерактивті тақтада сөздер шашырап тұрады, оқушылар сол сөздерді байланыстырып, төменде көрсетілген сөйлемдерді шығару керек/

1. Компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы
2. Microsoft Word – мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор
3. Microsoft Excel – математикалық-экономикалық есептеулерді шешуге, түрлі диаграмма тұрғызуға және мәліметтер қорын құруға арналған электрондық кесте

ІҮ. Сабақты бекіту
Тест тапсырмаларын орындау
/Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады, белгілеп болған соң, тест тапсырмаларының жауаптары интерактивті тақтада тұрады, оқушылардан жинап алынған тест тапсырмалары керісінше отырған оқушылар тексереді/

Ү. Сабақты қорытындылау және бағалау
Сабақты сұрақ-жауап әдісі бойынша қорытындылау
Әр оқушы кезең бойынша жиналған фишкалары арқылы қорытынды баға қойылады.

ҮІ Үйге тапсырма
1. Интерактивті тақтаның ActivTablet, ActivSlate, ActivPanel және ActivOte құрал саймандарын туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу
2. Электрондық оқулықтағы қалған тапсырмаларды орындап келу
3. Қалаған тақырыпта флипчарт құрып келу
7 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі - электрондық байланыс,
Информатикадан 5 сыныптарға арналған «Компьютерлік әліппе» қолданбалы курс жоспары
Информатикадан 5 сыныптарға арналған «Компьютерлік әліппе» қолданбалы курс жоспары
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №2 орта мектібінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі Жаржанова Сюзанна Киібайқызы
Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы
Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрәмов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Бурамбаева Айнур Шамшадинқызы «Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану - білім сапасын арттыру құралы» «Адам байлығының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×