Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Word текстік процессоры. Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату

23 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, информатика пәні
Оқытушы: Н.Арқабаев

Сабақтың тақырыбы: Word текстік процессоры. Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
 Word текстік процессоры туралы қалыптасқан білімдерін жетілдіру;
 Word текстік процессорында графикалық объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету;
 Құжатқа суреттер орналастыру әдістерін үйрету;
 Орналасқан сурет, графикалық обьектілерді форматтай алуға, редактрлей алуға үйрету;

Тәрбиелілік:
 Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
 Оқушыларды елжандылыққа, еңбекке, үнемділікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалай білуге баулу.
 Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып,
өзінің қызметіне анализ жасай білуге үйрету.
 Болып жатқан құбылыстарды қарап, салыстыра отырып ойлау қабілетін арттыру.
 Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:
 Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
 Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, өзінің қызметіне анализ жасай білуге үйрету;
 Болып жатқан құбылыстарды қарап, салыстыра отырып ойлау қабілетін арттыру;
 Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Кәсіби:
 ақпараттық мәдениетке;
 кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу;
 болашақ мамандығына байланысты кәсіби бағыт беру.

Сабақтың түрі: Лабораториялық

Қолданылатын технология:
 Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
 Деңгейлеп оқыту технологиясы /ДОТ/

Сабақтың әдісі:
түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу, кері байланыс әдісі

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық, слайд, тақта, бейне проектор, сызба суреттер, лабораториялық жұмыс таратпасы

Оқушы білуі тиіс: Мәтіндік редактор ұғымының мағынасын, құжатты құруды, сақтауды, ашуды, графикалық объект түрлерін, форматтарын
Оқушы меңгеруі тиіс: құжатта мәтінге сай сурет, графикалық объектіні орналастыруды, орналасқан сурет, графикалық объектілерді форматтауды, редактрлеуді
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабаққа шолу жасау:
2.1. Ой қозғау (Өткен сабақ бойынша презентацияда берілген сұрақтарға
жауап беру)
2.2. Сергіту сәті(“Елжадылық” тақырыбында мақал-мәтелдер айту)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (Жаңа ұғымдарды уйрету)
4. Жаңа білімді қолдану
Лабораториялық жұмыс орындау (деңгейлік, Практикалық тапсырмаларды орындау)
5. Кері байланыс (Берілген сурет бойынша мәтін құрау).
6. Сергіту сәті
6. Сабақты бекіту (бақылау сұрақтары).
7. Үйге тапсырма беру Бағалау.
8. Түйінді ой. «Өз орныңды тап»

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушыларды түгелдеу;
 Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындарына орналасуын қадағалау;
 Сабақтың мақсатымен таныстыру

Өткен сабаққа шолу жасау:
2.1. Ой қозғау (Өткен сабақ бойынша презентацияда берілген сұрақтарға
жауап беру)
2.2. Сергіту сәті(“Елжадылық” тақырыбында мақал-мәтелдер айту)

Жаңа тақырыпты түсіндіру. (Жаңа ұғымдарды уйрету)
Негізгі түсініктер:
Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.
Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.
Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:
1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;
2. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;
3. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.

Графиктік объектінің текстегі орналасуы.
1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз. Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.
2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.
OLE технология. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелар секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:
 Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;
 Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.

OLE технологиясының терминдері:
 Клиент –объектіні қабылдайтын қосымша немесе программа;
 Сервер –объектінің өзі жасалатын қосымша немесе программа.
Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.
OLE технологиясы екі түрлі әдіспен орындалады:
1. Алмастыру буфері, яғни қосымша мәзірінің Правка -> Специальная_вставка командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс фрагмент үшін де, тұтас құжат үшін де орындалады.
2. Қосымша мәзірінің Вставка -> Объект командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс тұтас құжат үшін ғана орындалады.

Жаңа білімді қолдану( Лабараториялық жұмыс орындау)
(деңгейлік, Практикалық тапсырмаларды орындау)
1-жаттығу: Берілген мәтінді теріп, суретті мәтінге орналастырыңыз:
І деңгей:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

ІІ деңгей:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Flag of Kazakhstan

Name
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
Adopted 24 қаңтар 1996
Designed by Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттік рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттің түп-негiзi — отбасының бейнесі. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киіз үйдің күмбезі көшпелі түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.

Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

ІІІ деңгей:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы
Flag of Kazakhstan


Name
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Use
National flag and civil ensign

Proportion 1:2
Adopted 24 January 1996
Designed by Shaken Niyazbekov

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.

Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

2-жаттығу: “Елімнің жүрегі-Астана” тақырыбында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) берілген мәтінді теріп, суреттерді мәтінге орналастыру жұмысын жасау, мәтінді форматтау.
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Астана́ (с каз. Астана — «столица») — столица Республики Казахстан с 10 декабря 1997 года. Население города, по состоянию на 1 января 2012 года, составило 743 014 жителей[1].
Город расположен в северном Казахстане на берегу реки Ишим, на месте её наибольшего сближения с рекой Нурой.
Место расположения города — стратегически выгодный пункт пересечения караванных путей, издревле привлекавший жителей Степи. Археологи обнаруживают в черте города артефакты, датирующиеся эпохой бронзы, ранним железным веком и средневековьем. Так, в 2001, 2005 гг. были исследованы могильники эпохи бронзы и раннего железного века Куйгенжар. В 2007 г. частично исследуется царский курган на улице Сыгнак, расположенный в непосредственной близости от Дворца Независимости. Одним из главных исторических объектов, находящихся в черте города, является городище Бозок — памятник, функционировавший начиная с эпохи раннего Средневековья (VII—VIII вв.) до эпохи Казахского ханства (XV—XVI вв.).

Astana (Kazakh: Астана ), formerly known as Akmola (Kazakh: Ақмола / Aqmola, until 1998), Tselinograd (Russian: Целиноград, until 1992) and Akmolinsk (Russian: Акмолинск, until 1961), is the capital and second largest city (after Almaty) of Kazakhstan, with an officially estimated population of 708, 794 as of 1 August 2010.[1] It is located in the north-central portion of Kazakhstan, within Akmola Province, though administrated separately from the province as a federal city area.
The current mayor of Astana is Imangali Tasmagambetov. He was appointed on 4 April 2008.

Кері байланыс: (Берілген сурет бойынша мәтін құрау).

Сергіту сәті (сергіту жаттығуын орындау)

Сабақты бекіту (Бақылау сұрақтары)
1. Word процессорындағы, құралдары сурет салуда пайдаланылатын панель қалай аталады?
2. Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды қандай бағыттарға сәйкес қарастырады?
3. OLE – технология не үшін қолданылады?
4. Кірістірілген объекті мен байланысқан объект айырмашылығы қандай?
5. Объектілерді біріктіру не үшін қажет ?

Үйге тапсырма беру.
 Конспект:
Келесі сабаққа дайындық жасау MS Word-та формула редакторымен жұмыс
 Зерттеу жұмысы:
Мәтіндік редактордың шығу тарихын зерттеу
 Практикалық жұмыс:
“Әнім сенсің – Қызылорда” Қызылорда өлкесінен шыққан өнер жұлдыздары
туралы суреттерді кірістіре отырып мақала жазу.

Бағалау: оқушыларды берілген тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалау

Түйінді ой. «Өз орныңды тап»
Уақытты бағындыру
Төмендегі жәйт Келлог Бизнес Скулдың (Норзвестерн университеті) жұмыс басқару магистранттары мен «Уақытты бағындыру» пәнінің профессоры арасында болған оқиға.
Профессор залда отырған студенттердің жүзіне барлай бір қарап шыққаннан кейін:
- Бүгін уақытқа жетекшілік ету тақырыбына зерттеу аралас бір сынақ жүргіземіз, - деді де күні бұрын дайындап қойған үлкен шыны ыдысты алып, үстелдің үстіне қойды. Артынша тағы да әрқайсысы жұдырықтай бірнеше тастарды ақырындап ішіне сала бастайды. Енді сыймайды-ау деген кезде шәкірттеріне бұрылып:
- Қалай ойлайсыңдар, ыдыс толды ма? - деп сұрапты. Студенттер бәрі бірауыздан:
- Иә, толды, - деп жауап береді.
-Олай болса, қазір көреміз, - деп профессор үстел астынан ұсақ шағыл тастар алып, әлгі үлкен тастары бар ыдыстың ішіне сала бастайды. Оны нығыздап әбден толды-ау деген кезде студенттерден:
- Қалай, енді толды ма? - деп тағы да сұрапты. Бір шәкірті қулана:
- Әлі де толмаған болар, - дегенде, профессор асықпастан:
- Рас айтасың, бұл әлі де толмады, - деп құм алып, оны да жайлап құя бастайды. Шыны ыдысты шайқап, нығыздап отырып:
- Ыдыс енді толған шығар?! - деп қайта сұрапты. Профессордың нені меңземек болғанын әлі де түсіне қоймаған шәкірттері:
- Жоқ, - деседі. Бұл жолы да «дұрыс айтасыңдар» деген ол әлгі ыдысқа енді бір ожау су құйыпты. Су тасып, ернеуіне жеткен кезде енді болды дегендей:
- Біздің бұл сынағымыздың астарын кім ұқты? - деп сұрапты. Бір студент:
- Уақыт бізге қанша толы болып көрінгенімен, тағы да бөліп, басқа нәрселермен айналысуға болатындығы, - дегенде:
Профессор:
- Жоқ, - депті сынақтың түп мәнісін өзі түсіндірмек болып:
- Бұл астарлы тәжірибе. Егер үлкен тастар бірінші болып орналастырылмаса, онда ұсақ тастар қойылып қойғаннан кейін ыдысқа олар сыймай қалатын еді. Бұл өздерің де көріп жүрген күнделікті өмірдің таза шындығы.
Студенттер таңғала қарап отырғанда, профессор сөзін ары қарай сабақтайды:
- Өмірдегі үлкен тастар дегеніміз не? Оқу, білім алу, отбасын құру, бала сүю, денсаулық, жора-жолдас, басқаларға пайдалы болу, артына еңбек қалдыру, өзіндік арман-қиялдарың. Осылардың біреуі немесе бірнешеуі, тіпті, барлығы да сендердің үлкен тастарың болуы ғажап емес. Бүгін түнде жатар алдында жақсылап ойланыңдар, сендердің үлкен тастарың қайсысы екендігін дұрыстап шешіңдер. Ыдысқа үлкен тастарды бірінші салмасаңдар, кейін сыйғызармын деулерің бос әурешілік екенін біліңдер, онда болашақта елге де, Отанға да, ешкімге де пайдалы бола алмайсыңдар. Ендеше, өмірдің іргетасы іспетті үлкен тастарға қазірден бастап зор жауапкершілікпен қараңдар, - деген профессор сабақ бітсе де, аңтарылып үнсіз отырып қалған студенттерді қалдырған күйі сыртқа шығып кетеді.
13 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×