Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Массивтер (жиымдар)

03 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Хромтау ауданы, Көктау ауылы
Нұрлы-көш орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі
Бисеналина Нургул

Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Массивтер (жиымдар).
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға кестелік шамалар, алгоритмдегі кестелік шамаларды Паскалда программалау жолы мен әдістері туралы түсінік қалыптастыру. ARRAY операторы арқылы программалауды үйрену, пысықтау. Бір және екіөлшемді жиымдар туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылығы: Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орындау
Тәрбиелігі: Оқушыларды программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Сабақ сұрау
3) Жаңа сабақ
4) Практикалық жұмыс
5) Тапсырма орындау
6) Сабақты бекіту
7) Үйге тапсырма
8) Қорытынды
Үй жұмысы: Циклдің ілесу шарты. Repeat операторы.

Жаңа сабақ
Кестелер
1. Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі объектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:

Натурал сандар тізімі 1, 2, 3,..., N жазылуы N[1.. N]
Нақты сандар 2, 3. 5, - 7, 11, 0, 91, 0, 9, - 75, 0,..., 0. 005 NC[1.. N]
Оқу орындары мектеп, лицей, колледж, университет,..., магистратура ok[1.. n]
Бұл мысалдарда тізімде кілең біртекті элементтер жазылған. Асты сызылған сөздер тізбектік атауларын береді. Атауды латын әріптер тізбегімен де көрсетуге болады.

Нақты сандар кестесін қарастырайық (кесте)
мұндағы nc[i] – жиым элементі, і – жиым элементтерінің реттік нөмірі, оны индекс деп те атайды.
Мысалы: nc[2] =>3. 5,
nc[4.. 6] =>{0, 91, - 75}
Кестенің (массивтің) екі түрі бар:
Сызықтық кесте – элементтері бірінен кейін - бірі (жол бойында) немесе бір - бірінің астына (баған бойына) орналасады. (математикадағы прогрессиялар, оқушылар тізімі...)
Тік төртбұрышты кесте – элементтері баған мен жолдың қиылысында ұяшықтарда орналасады. (көбейту кестесі, сабақ кестесі

Жиым - бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді т. с. с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.
Жиымды сипаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады.
Оның жазылу пішімі:
type = array[] of ;
var : ;
мұндағы array (жиым), of (- дан,- ден,- тан,- тен)- түйінді сөздер;
[]- real, integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайданылады; - құраушылар (элементтер) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.
Жиым элементтеріне қол жеткізу үшін оның индексі пайдаланылады. Индекс элементтің қай жерде тұрғанын анықтайды. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Жиым типтер бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:
var : array [] of
----------------------------------------- [];

1. Массив аты______________________________________
2. Массивтің сипаттаңдар _____________________________________________________
3. Массивтің жұп элементтері номера ___________________________________
4. х[3]= х[1]+х[8] __________________________________
5. х[7]= sqrt(х[6]) __________________________________
6. Массивтің тақ элементтері номер ______________________________________

Есеп 1: 10 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құралық.
PROGRAM ORTA;
Var
X: array [1.. 10] of integer; {массивті сипаттау бөлімі}
I: integer; {І бүтін типті}
S: real; {Айнымалы нақты типті}
Begin
S:=0;
Writeln(‘бос орын арқылы 5 сан енгізіңдер: ’);
For i:=1 to 5 do
Begin
Read(x[i]); {массив элементтерін енгізу}
S:=s+x[i]; {массив эл - нің қосындысын есептеу}
End;
S:=s/5; {арифметикалық ортасын есептеу}
Writeln(‘s=’, s: 5: 2); {нәтижені баспаға шығару}
End.
Бекітуге: Бақылау сұрақтарын қоямын
1. Жиым деп нені айтады?
2. Паскаль тілінде жиымдар қалай сипатталады?
3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
4. Индекс дегеніміз не?
5. Жиым элементтері мен индекстерінің типтері қандай болуы тиіс?

Үйге тапсырма: 5. 4 №2 есеп
Оқушыларды бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
5 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айнымалылар типтері. Программа құрылымы
Айнымалылар типтері. Программа құрылымы
Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл туралы түсіндіру. Қайталану командаларын Pascal – да программалауда қолдануды үйрету.
Көп өлшемді жиымдар
Көп өлшемді жиымдар
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сарсенова Г.
Көпөлшемді массивтер
Көпөлшемді массивтер
Қызылорда обьлысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Массив (жиым)
Массив (жиым)
Пәні: Информатика Сыныбы: 9 сынып Пән мұғалімі: Қалиева Э. Ж.
Екі өлшемді жиымдар
Екі өлшемді жиымдар
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика пәні мұғалімі Жаржанова Сюзанна Киібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×