Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп өлшемді жиымдар

29 мам 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі: Сарсенова Г.

Информатика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп өлшемді жиымдар

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде жиымдармен таныстыруды жалғастырып, паскаль тілінде екіөлшемді жиымға берілген қарапайым есептерді шығаруды үйрету
Дамытушылық мақсаты: Көп өлшемді жиымдар туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушыларды бағдарлама құруға дағдыландыру, ой - өрістерін дамыту. Білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын, іздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру
Тәрбиелік мақсаты: Тақырып бойынша өзбетімен жұмыс жасауға, бұрынғы білімді жаңа ақпарат үшін қолдануға мақсатты оқуға баулу
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың түрі: аралас

1. Ұйымдастыру бөлім
1. Оқушыларды түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу
2. Үй жұмысын тексеру:
1. Бір өлшемді жиымның ең үлкен элементі және оның тұрған орнын анықтау.
2. Бір өлшемді жиымның ең кіші элементі және оның тұрған орнын анықтау бағдарламаларын тексеру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
1. Жиым деп нені айтады?
2. Паскаль тілінде бірөлшемді жиым қалай сипатталып жазылады?
3. Жиым элементтерінің орны қалай сипатталады?
4. Индекс дегеніміз не?
5. Бірөлшемді жиымды бағдарламаға қалай енгізеді?
6. Бірөлшемді жиымды экранға қалай шығарады?
7. Жиым элементтеріне қандай амал қолданады?

3. Жаңа тақырыпты баяндау
Көп өлшемді жиымдар
Жиым – бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген элементтер жиыны.
Турбо Паскальда жиым өлшеміне шек қойылмаған, іс жүзінде бір және екі өлшемді жиымдар жиі қолданылады. Жалпы бірөлшемді жиым математикада вектор, ал екіөлшемді жиым матрица ұғымдарымен сәйкес келеді. Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса - екіөлшемді және т. с. с. n индекс болса, n - өлшемді жиым дейді.
Осы айтылғандарға сәйкес жиым элементтері былай белгіленеді: А[i], B[i, j], C[i, j, k] және т. с. с., көпөлшемді жиым элементтерін басқаша да белгілеуге болады, мысалы, B [i] [j]. Мұндағы A [j] бір өлшемді жиымның i - ші элементі, оны математикада a i түрінде белгілейді, B[i, j]- екіөлшемді жиымның (кестесінің) i - жолы мен j - бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуі; ал C[i, j, k] үшөлшемді жиым, оның элементін кеңістікте орналасқан нүкте координаталары (i, j, k) деп қарауға болады.
Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай сипатталады:
TYPE atau= array [1…n, 1…m] of ;
Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:
VAR B: array [1…N, 1.. M] of ;
Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторлары болуы мүмкін. Мысалы, жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса қайталау үш рет және т. с. с. орындалады. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік модельдеу. Есептеу эксперименті
Компьютерлік модельдеу. Есептеу эксперименті
ОҚО, Сарыағаш ауданы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбаеава Жадыра Батырбайқызы
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар
Түркістан қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Көпөлшемді массивтер
Көпөлшемді массивтер
Қызылорда обьлысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Массив (жиым)
Массив (жиым)
Пәні: Информатика Сыныбы: 9 сынып Пән мұғалімі: Қалиева Э. Ж.
Екі өлшемді жиымдар
Екі өлшемді жиымдар
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика пәні мұғалімі Жаржанова Сюзанна Киібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×