Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар

16 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: Информатика
Тараз қаласы.
Авторы: информатика пәнінің мұғалімі
Мәлімбай Таңшолпан Қайратқызы

Жалпы білім беретін мектептің 5 - сыныбына арналған
«Робото техника» оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
РЕЦЕНЗЕНТ:
Мүслімов Б. М. – А. Ясауи атындағы
ХҚТУ Тараз инстиуты, ф. м. ғ. к.

Түсінік хат
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.
Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Робот деп біз белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны айтамыз.
Робот (чех тілінен аударғанда robota – еріксіз еңбек, rob – құл) – тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина.
Робот алдын ала салынған бағдарлама бойынша және сыртқы әлем туралы датчиктерден ақпарат ала отырып әрекет етеді (тірі ағзалардың органдарына ұқсас). Робот әдетте адамдар орындайтын (немесе жануарлар) өндірістік және басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен қатар робот оператормен байланыс жасай алады (одан бұйрықтар ала алады) және дербес әрекет те ете алады.

Аннотация
«Робото техника бағдарламасына арналған авторлық бағдарлама 5 - сынып оқушыларына ұсынылып отыр.
Бұл авторлық бағдарламада оқушылар робот ұғымдарымен, алғашқы қадамдарымен, бағдарламалау ұғымымен, және робот процесін іске асырады деп күтілуде.
Бағдарламада теориялық білім мен қатар практикалық жұмыс жасау, есептер шығару, өз бетінше робот программалар құру сияқты әрекеттер орындайды. Есептер қарапайым, оқушы жасы ескерілген.
Бағдарламаны оқып үйрену арқылы оқушылар қазіргі заманғы математикалық, логикалық ақпараттық білімін тереңдете отырып, алған дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана алады деп күтілуде.

Тұжырымдама
Қазіргі кезде көптеген елдердің оқушылары роботты үйренуді MINDSTORM бағдарламасынан бастайды. Робот программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді шеше алатын құрылымды объектілі – бағытталған программалау тілі болып табылады. Бұл бағдарлама ыңғайлы, программа құру реттілігін тәртіппен қарастыратын, оқушылардың іс – әрекет тәртібіне тәрбиелейтін тіл болып табылады.
MINDSTORM тілінде жалған программаны машина тіліне аударып, объектілік – бағытталған модуль жасау тәсілдері де қамтылған.
Сондықтан да 5 - сынып оқушыларына дайындалып қолдануға ұсынылып отырған бұл бағдарлама пайдаланушыларға өзінің тиімділігі мен пайдалылығын көрсетеді деп сенемін.

Мақсаты: Робото техника курсын үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.

Міндеттері:
Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;

Күтілетін нәтиже:
Робот техникасы бағдарламасын меңгерген және оны кәсіби мамандығында пайдалана алатын тұлға

Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:
Оқушы нені білуі керек:
- Робот ұғымын сипаттай және талдай білу;
- Mindstorm бағдарламасының интерфейсін сипаттай білу;

Оқушы нені үйрену керек:
- Робот құрастырып үйренеді;
- Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасауды;
- Mindstorm бағдарламасының есептерді шығаруды;
- Шығармашылықпен жұмыс жасай білу;

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы:
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бағдарламаның негізгі және қосымша құралдары;

Толық нұсқасын жүктеу
12 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Роботтар әлемі
Роботтар әлемі
Сайыс мақсаты: Оқушылардың робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
Информатика пәнінен 11 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 11 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 11 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 5 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Компьютерлік сауаттылық
Компьютерлік сауаттылық
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Ал таңдау сабағында негізгі сабақта аяқтай алмаған ұғымдар, түсініктер тереңірек ұсынылады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×