Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика - еліне саяхат

18 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика - еліне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Информатика пәні бойынша алған білімдерін практика жүзінде көрсету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: ойын түрінде
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, шар айна.

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
1. Презентация (Үй тапсырмасы)
2. «Бәйге»
3. «Ғажайып алаң»
4. «Кім жылдам?» (практикалық жұмыс)

І. Презентация (үй тапсырмасы)
Презентация тақырыптары:
1. Дербес компьютер
2. Excel программасы және оның ерекшеліктері
3. Вирустар және антивирустар

ІІ. Бәйге:
1. Құрылғылар тақырыбы бойынша 10, 20, 30, 40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап береді.
10 ұпай – Файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы (диск)
20 ұпай – Электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы (дербес компьютер)
30 ұпай – Ұзақ уақыт сақтауға арналған ауыстырмалы тасымалдаушылар қалай аталады? (сыртқы жад)
40 ұпай - Адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программалармен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағытталған ең негізгі компьютердің программалық құрылғысы? (операциялық жүйе)

2. Программалар тақырыбы бойынша 10, 20, 30, 40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап береді.
10 ұпай – Аппараттық жабдықтамалар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстыратын жүйе? (жүйелі программа)
20 ұпай – Жүйелі программа түрлерін атаңыз? (операциялық, сервистік, утилитер)
30 ұпай – Жоспарлы экономикалық есептік статистикалық ғылыми – техникалық және басқа да міндеттердің біраз ауқымын шешуге арналған, қолданылуы қарапайым электронды кестелерді өңдеу, мәтіндік және графикалық ақпараттарды жүйелі түрде ұсынылатын программа (Microsoft Excel)
40 ұпай - Жеке пайдаланушыларға өзінің информациялық материалдары бар файлдар архивіне қатынас құруды жүзеге асыра алатын программалар жиыны? (файлдық сервер)

3. Мәліметтер базасы тақырыбы бойынша 10, 20, 30, 40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап береді.
10 ұпай – Мағлұматтар мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады? (объект)
20 ұпай – Бірнеше жазбалар үшін мәні қайталанатын атрибут, ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданады.
(екінші реттегі кілт)
30 ұпай – Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға арналған құрылғы. (Макростар мен модульдер)
40 ұпай - Мәліметтер базасын басқару жүйесінің негізгі 4 қарапайым операциясын атаңыз?
• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою
• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту
• Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу

ІІІ. «Ғажайып алаң»
Сұрақ:
Мәліметтер базасына, программаға немесе мәліметтер жүйесіне енуге тосқауыл қоятын программа, мәліметтер базасындағы кестелермен жұмыс істеу кезінде берілген критериймен анықталатын мәліметтерді ғана экранға шығаратын құрылғы?
Жауабы: Фильтр

ІV. Кім жылдам? (капитандар сайысы)
Берілген кестеден диаграмма құру
Марапаттау: Жүлделі орын алған оқушыларды дипломдармен марапаттау.

Информатика пәні мұғалімі Утебаева Армангуль

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сагинтаева Лайла Маркашовна
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Презентация жасау және безендіру
Презентация жасау және безендіру
Жамбыл обл. Жуалы ауданы.Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия Информатика пәні мұғалімі: Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×