Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас

25 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енудің батыл қадамдары жасалынуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы /үлгісі/ өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Оқу үрдісіне жаппай жаңа педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде. Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады. Отанымыздың келешегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - жас буынды заманның ағымнан қалыспайтын, осы заманғы технологияларды жетік меңгерген, жан - жақты білімдар азамат етіп тәрбиелеу аса маңызды басымдықтардың бірі. Ұжымдағы жұмысты жаңа бағытта басқарудағы мақсат – шығармашылық ізденістегі мұғалімдердің қатарын толықтырып білім беру оқыту жүйесін және әдістемесін заман ағымына, талабына сай жүргізу.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған “ Қазақстан экономикалық, әлеументтік және саяси жедел жаңарту жолында” атты Жолдауында “XXI ғасырда білім деңгейін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелетіні анық” деп айтқандай, білім беру үрдісін әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын даярлау қажет екендігін баса айтқаны мәлім.
Мектептегі мұғалімдердің қазіргі заман талабына қарай, әр мұғалімдер өзінің педагогикалық білімдерін жетілдіре отырып жаңа формацияға сай негізделген инновациялық технологияларды пайдаланып сабақтарды өткізу, тиімді сабақ болуы тиіс. Білім беру жүйесіндегі ізгіліктіліктендіру, диференциялау және жекелей ықпал ету, интеллектілікті көтеру, шығармашылық бастамалары білім мекемесінде жоғарғы деңгейде қалануы тиіс. Себебі мұғалім шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығы мен қоғамдық өмірдегі белсенділіктері қалыптасады. Жас мамандарға, мұғалімдерге жаңашылдықтан, өзгерістен қорықпауға бағыт берілуі керек. Осылай дайындықтан өткен маман қызметке белсене араласуы, одан рахат табуы ғажап емес. Осы жағдайда нәтижеге бағдарланған білім беруде педагогті дамытудың басты көзі жасанды түрде міндеттелген « әдістемелік жұмыс»,
«тәжірибені енгізу» емес, нақты оқу - тәрбие үдерісіндегі және оны болжау мен ұйымдастырудағы біріккен қызмет болуы тиіс.
Яғни тек іздемпаз, шығармашылықпен ойлай білетін педагог қауым ғана оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге жол таба біледі
Қазақстан мектептерінде білім беру мен тәрбиені жаңаша жүргізуде төмендегідей жұмыстар жүргізілсе.
- мектеп құрылымын мазмұныны сәйкес жаңарту
- оқытудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру.
- мектеп басқаруда, педагогикалық әдістемелік жұмыстарды ғылыми негізінде жүргізу, оның сапалық деңгейін көтеру.
Білім беру мазмұның жаңарту мен қатар, оқытудың жаңа әдіс - тәсілдердің әр - алуан құралдарын қолдану - бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.
Жаңа білім беру жүйесі, жаңа талапқа сай педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы қалыптасады.
Қазақстан Республикасы Білім Заңының баптарында: «Білім жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- делінген.
Тұлғалар қызметін қалыптастырудың негізгі бағыты - педагогикалық инновацияны дамыту. Білім берудің мақсаты – әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Бұл жерде біздің мектепке керегі мектеп деңгейі. Мектеп деңгейіндегі мақсат мектептің белгілі баспалдақтары бойынша көзделген білім нәтижесіне жету. Кәсіби білім мен өмірге пайдалы біліктілік пен дағдыларды қабылдау, белгілі кәсіптік пен әлеументтік мақсатқа жету, өмірде өзінің лайықты орнын табу. Жалпы алғанда кез - келген салада білікті маман болып қалыптасуы үшін жағдай жасау.
Бұқаралық мектеп жағдайындағы қазақстандық білім беру жүйесінде оның « білімдік» үлгісін, оның мақсатты, мазмұнды және іскерлік сипаттамасын іске асырушы дәстүрлі түрі басым. Мұндай мектептің негізгі мақсаты - мәдени мінез - құлықты игеру, білім алуды жоғарғы оқу орнында жалғастыруға дайындау. Қазақстанда бұрынғыша жалпы қабылданған сынып - сабақ жүйесі бойынша жұмыс істеп келеді.
Білім берудің замана парадигмалары бүгінгі күні білімдегі басты мақсат «тұлға бойында ұлттық, әлемдік мәдениеттің ұштасуын, оның өткенді, бүгінгі күн мен болашақты меңгере отырып, оның қалыптасуына енуді қамтамасыз ететін өзін - өзін жетілдіруге даярлығын қалыптастырудан» атап көрсетеді. Әлемдік білім беру тәжірибесі дамуының осы заманғы үрдісі инновациялық режимдегі білім беру процесін ұйымдастыруда алға қойып отыр.
 мектептерде бірлесіп жұмыс істеуді жүзеге асыру. Әдістемелік бірлестік жұмысты жандыра отырып мұғалімдердің бірлескен топтық жұмысы арқылы жұмысты дұрыс жолға қоюға болады.
 білім жүйесі әлемдік деңгейге жеткізу үшін, ашық түрде білім беру, сын тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту, кері байланыс, білім беруді ақпараттандыру мен оқыту әдістемелерін оңтайландыру, рефлексивті ойлау технологиясын қарқынды пайдаланып сабақ өткізу.
білім беру ісінің барлық деңгейінің мазмұнын жаңарту мысалы (сабақ
жосарларын) және замана талаптарына сай дайындау сапасын жоғарлату;
 әлемдік білім кеңістігіне шоғырлану және тұлға мен қоғамның білімге
негізделген қажеттілігін қанағаттандыру үшін көп деңгейлі үздіксіз
білім берудің ұлттық үлгісін модернизациялау мақсатында білім беру
ісін, ғылым мен өндірісті ұштастыра жүргізу.
 ата - аналардың балалардың оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, мектеп өміріне жиі араластыру.

Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Қабанбай ауылы №3 Қабанбай орта мектебінің
Информатика пән мұғалімі Абдолдинова Айман Төлегеновна

Толық нұсқасын жүктеу
4 631
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×