Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі

24 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейі мен даму бағытына байланысты болмақ. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.

Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап та арта түсуде. Демек, білім беруді ізгілендіру мен демократияландырудың негізгі шарттарының бірі - бұл жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, таным әрекеттерін жасайды.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақ үрдісінде мүмкіндігінше үнемі инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту қай кезде болмасын ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – қалай оқыту мәселелерін қарастырады. «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, тұлға етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Ақпараттану дәуірінде ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны жедел даму үстінде. Осыған байланысты елімізде білім алудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан да әрбір тұлға енгізілген жаңа технологияның
Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас
Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енудің батыл қадамдары жасалынуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға,
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×