Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графиктік режімде циклдерді қолдану.

21 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Графиктік режімде циклдерді қолдану.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1) Білімділік: оқушыларға Паскаль тіліндегі графикалық функциялар мен процедураларды қолданып бағдарламалауды үйрету;
2) Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, дәлдікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
3) Дамытушылық: оқушылардың білім дағдысын, ынтасын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, техника қауіпсіздігін ескере отырып компьютерде жұмыс істеуге дағдыландыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: WINDOWS операциялық жүйесі, Activ Studio, Power Point, Turbo Pascal бағдарламалары, кестелер, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Іскерлік пен дағдыны қолдану.

Сабақтың барысы:
I. Сергіту сәті. Блиц - сұрақтар:
1. Графиктік режімде жұмыс істеуге арналған стандартты кітапханалық модуль қалай аталады? (USES GRAPH)
2. Қайталану саны белгілі болғанда қолданылатын цикл (FOR - DO)
3. Графиктік режімді қосу командасы (InitGraph)
4. Мәтіндік режімде жұмыс істеуге арналған стандартты кітапханалық модуль қалай аталады? (USES CRT)
5. Графиктік режімнен шығу командасы (CloseGraph)

II. Өткен сабақты еске түсіру.
LINE - кесінді сызу оператаоры;
CIRCLE - шеңбер сызу операторы;
SetBkColor - Экранға фон беру операторы
Rectangle - тіктөртбұрыш сызу операторы
SetColor - суреттің түсін өзгерту операторы

III. Жаңа сабақ.
Циклдерді графиктік режімде объектілерді көбейтіп шығаруға қолдануға болады. Ол үшін цикл параметрін графикалық операторларда сызық, шеңбер және басқа да көптеген фигураларды салуға қолданамыз.
Мысалы, боялған тіктөртбұрышты салу үшін мынадай конструкцияны пайдаланамыз:

for i:=1 to 100 do
Line(270, 190+i, 370, 190+i);

Бұл жағдайда тіктөртбұрыш бір - бірімен қабаттасқан сызықтар арқылы салынып, бүтін объект құралады.
Мысалы, үшбұрышты тұрғызу үшін мынадай конструкцияны пайдаланамыз:

for i:=0 to 100 do
Line(320 - i, 190+i, 320+i, 190+i);

Қарапайым қозғалысты экранда көру үшін мына алгоритмді қолданамыз:
1. Объектіні ақ түспен саламыз;
2. Объектіні қара түспен саламыз;
3. Объектіні ақ түспен жаңа координаттарда саламыз
4. Бұл амалды объект қажет орнына жеткенге дейін қайталаймыз.

Мысалы, экранда тіктөртбұрышты қозғалту үшін келесі конструкцияны пайдаланамыз:

for i:=1 to 600 do
begin
SetColor(15);
Rectangle(i, 200, i+50, 250);
Delay(1000);
SetColor(0);
Rectangle(i, 200, i+50, 250);
end;

Delay(x) командасын программа жұмысын х миллисекундқа кідірту үшін қолданамыз. Бұл команда Crt модулінде болады, оны қосу үшін сипаттау бөлімінде Uses Crt командасын жазамыз.

IV. Компьютермен жұмыс. Тапсырмалар орындау
1. Экранда «кемпірқосақтың» суретін салыңдар.
2. Әртүрлі түске боялған бес үшбұрыштың суретін циклдің көмегімен салыңдар.
3. Шеңберді экран бойымен қозғалтатын программа жазыңдар.
4. Экрандағы «машина» қозғалысын жасаңдар.

V. Тапсырма нәтижесі.
Әр оқушы өздерінің дайындаған программаларын қорғау, нәтижесін көрсету.

VI. Сабақты бекіту.
Әр оқушыға семантикалық қарта ұсынылады. Жауабын соңынан тақтамен салыстыра отырып тексереміз.

VI. Үйге тапсырма:
1. Үйдің суретін салып, циклдің көмегімен есік, терезе, құбырларын әртүрлі түске бояу керек.
2. Қолданушының қатысуынсыз қанатын бірнеше рет «қағатын» құстың суретін экранға шығаратын программа жазу керек.

VII. Қорытынды. Бағалау.
Бұл сабақтың басқа сабақтардан ерекшелігі:
Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, сабаққа шынайы түрде белсене қатысады. Проблемаларды бірігіп талдау, шешу жолдарын іздестіреді.
1 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклдерді ұйымдастыру тақырыбы бойынша тәжірибелік жаттығулар
Циклдерді ұйымдастыру тақырыбы бойынша тәжірибелік жаттығулар
Оқушылардың циклді ұйымдастыру әрекеттерін меңгерту, түсіндіру, үйрету Оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Графика
Графика
Паскаль тілінінің графиктік режимімен таныстыру және графикалық объектілердің экранда орналасу ережесін ұғындыру
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.
Графиктік функциялар мен процедуралар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінде графикалық объектілерді программалай алу іскерліктерін қалыптастыру
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі
Арал ауданы, №82 орта мектептің математика пәні мұғалімі Сейтжанова Г.
Раіnt графиктік редакторы
Раіnt графиктік редакторы
Тақырыбы: Раіnt графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×