Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Excel бағдарламасын қорытындылау

09 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiмдiлік: EXCEL бағдарламасында диаграммамен жұмыс істеу және алған білімдерін қорытындылау;
ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, зерттеушілік, практикалық
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын;
Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, Диаграмма шебері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Оқушыларды түгендеу;
• Олардың құрал - жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.

ІІ. Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»
Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.

 Кітап - книга - Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.
 Бет - страница - list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады
 Ұяшық - ячейка - cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;
 Диаграмма - диаграмма - diagram; мәліметтерді графиктік түрде көрсету
 Кесте - таблица - table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;
 Формула - формула - formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;

ІІІ. Мағынаны ашу «Сұрақ - жауап»

1. Excel - де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады? Жауабы: =,+ белгісінен кейін
2. Автоқосынды белгісінің батырмасы қандай? жауабы: ∑
3. Функция шебері белгісінің батырмасы қандай? жауабы: fx
4. Бағандар саны қанша? Жауабы: 256
5. Қанша жолдан тұрады? Жауабы: 65536
6. Excel бағдарламасы дегеніміз не? Жауабы: Сандық кестемен жұмыс істеуге арналған бағдарлама
7. Диаграммалардың қандай түрлерін білесің? Жауабы: Дөңгелек, бағандық, сызықтық, нүктелік, көпіршіктік, т. б
8. Диаграмманы жасаудың неше қадамы бар? Жауабы: 4
9. Диаграмманы жасау қадамдарын тізбектеп айтып бер? Жауабы: Типі; Мәліметтер аралығы; Параметрлері; Бөліктері.
10. Өріс және жазулар деп нені айтамыз? Жауабы: A, B, C, D, E, F жазулары өріс, ал 1, 2, 3 жолдары жазулар деп аталады
11. Диаграмма дегеніміз не? Жауабы: Бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
12. Автоформат не үшін қажет? Жауабы: Мәліметтерді немесе ұяшықтарды форматтау үшін
13. Мәліметтер базасы дегеніміз не? Жауабы: Белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттық модель
14. Электронды кесте дегеніміз не? Жауабы: Кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесін электрондық кесте деп атаймыз
15. Кез келген электронды кестенің ұяшығына нені енгізуге болады? Жауабы:- сан;- формула; - мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады

IV. Көзге арналған жаттығу жасалады.
V. Тест жұмысы Excel бағдарламалары көмегімен
1. Microsoft Excel дегеніміз не?
a) Операциялық жүйе
b) Текстік редактор
c) Антивирустық программа
d) Электрондық кесте
2. Microsoft Excel жолдар саны
a) 65536
b) 256
c) 125
d) 1256
3. Microsoft Excel бағандар саны
a) 65636
b) 256
c) 125
d) 1256
4. Диаграмма дегеніміз не?
a) Бірнеше ұяшықтар тобы
b) Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект
c) Мәтіндік редакторда қолданылатын жазу түрі
d) Жол мен бағанның қиылысуы

№20 орта мектеп
Пән мұғалімі: Сейдабдуллаева Қ.

MS Excel бағдарламасын қорытындылау. жүктеу
MS Excel бағдарламасын қорытындылау. слайдын жүктеу
5 440
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Деректерді өңдеудің Excel электронды кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету.
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Excel- де диаграммалар салу
Excel- де диаграммалар салу
Атырау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тағайева Айнұр Узахпайқызы
MS Excel терезесі. MS Excel - де диаграмма құру
MS Excel терезесі. MS Excel - де диаграмма құру
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×