Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желдеткіш және оған қызмет көрсету

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
(Модульдік жүйе бойынша сабақ жоспары)[/center]

Пән атауы: Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету
Сабақтың тақырыбы: Желдеткіш және оған қызмет көрсету
Мақсаты:
- Жүйелік блок ішіндегі желдеткіш туралы мәлімет беру; Желдеткіш түрлерімен және оның міндеттерімен таныстыру; Жүйелік блок ішіндегі құрылғылар жайлы түсініктерін кеңейту.
- Желдеткіш жайлы алған білімдерін іс - жүзінде қолдана алуға дағдыландыру; мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру
- Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға, компьютермен ұқыпты, таза жұмыс жасауға, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеті: Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларының бірі желдеткіш туралы білім беру, ой өрістерін кеңейту
Күтілетін нәтиже: Білім алушылар желдеткіш және оның түрлері, қызметі маркалары, параметрлері, оны күту ережелері туралы білу
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Оқытудың әдісі, тәсілдері, пед техника, пед. технологиялар: АКТ, СТО технологиялар. «Миға шабуыл», «Ойымды аяқта». Дәріс, сұрақ - жауап, ой - талқы, техникалық диктант т. б.
Қажетті құрал - жабдықтар: Компьютер, интербелсенді тақта, бейнеролик, Интернет желісі, ТҚ қалқаны, алғашқы көмек көрсету бұрышы және т. б.
Қосымша әдебиеттер: Д. Ғабдуллаев Есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Фолиант, 2016
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, назарларын аудару (желдеткіш дыбысын қосу арқылы)

2. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл» әдісі (экранда көрсетілген құрылғылардың қызметін айту)
Электронық оқулықпен жұмыс

3. Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа дайындау
Кабинеттегі тақырыпқа байланысты құрылғыларды көк түсті шармен ерекшелеп, сабақтың тақырыбын табу

4. Жаңа білімді қалыптастыру және іс - қимыл әрекеті
1. Желдеткіш (кулер) және оның қызметі
2. Желдеткіштің түрлері
3. Желдеткіштің бір - бірінен айырмашылықтары
4. Желдеткішті күту ережелері

5. Өткен материал бойынша алғашқы түсінігін тексеру
1. Жеке жұмыс (тақырып бойынша дайындалып келген білім алушыға сөз беріледі)
2. Желдеткіш туралы бейнеролик көрсету

6. Жаңа тақырыпты бекіту және іс - қимыл әрекеті
Экрандағы суреттен жүйелік блокта неше желдеткіш орналасқанын табу

7. Білім қолдану және іс - қимыл әрекеті
«Ойымды аяқта» әдісін қолдану
- Мен желдеткішті сатып аларда мынанадай параметрлеріне көңіл бөлер едім.....
- Компьютерімдегі желдеткішті тазарту үшін маған мына заттар қажет.....
- Компьютерді сағат сайын өшіріп суытып тұру.....
- Ноутбукте желдеткіш.....
- Желдеткішті орнату үшін маған мына май қажет.....

8. Алған білімді жалпылау және жүйелеу
Желдеткіш туралы ойларын білу
9. Алған білімдерді меңгеруді бақылау, өзара бақылау және іс - әрекеті

Техникалық диктант

Желдеткіш -... күшінің әсерінен айналып тұратын... механизм. Ол компьютердің ішкі құрылғыларын..., жүйелік блоктан немесе қоректену жүйесінен... ауаны шығару қызметін атқарады. Желдеткіштің негізгі орналасу жерлері...,...,.... Желдеткіштердің бір - бірінен мына параметрлер арқылы ерекшеленеді...,...,...,....

10. Білімдерін түзету және іс - қимыл әрекеті
Техникалық диктантта кеткен қателіктеріне тоқталып, түсініктеме беру

11. Сабақты қорытындылау және рефлексия
«Білім сатысы» әдісі.
1. Мен.... дұрыс түсінбедім.
2. Мен... түсіндім, әлі де ізденемін.
3. Мен... қолдана аламын.
Сабақтан алған әсерлерін стикерлермен көрсету
12. Үй тапсырмасын хабарлау, бағалау

[center]Талдықорған гуманитарлық техникалық колледжінің
1 санатты информатика пәнінің оқытушысы
Бюлюкеева Айнұр Маратқызы
2 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қос сөздердің түрлері. Ұйқының пайдасы
Қос сөздердің түрлері. Ұйқының пайдасы
Айтылым - жазылым. Жаңа сөздермен танысу: Әдеттену - привыкать Тынығады - отдыхает Ынтасы артады - появляется желание Аурулардан - от болезней Ересек - взрослый Желдеткіш - форточка
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×