Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat.

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat.

Мақсаты: 1. Дейін - қайталау командаларын Паскаль операторында программалауды үйренеді, пысықтайды. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын - ала танысады.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастырады. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдетеді.
3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескертеді.
Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.

Сабақтың барысы
І. Кіріспе.
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қысқаша сұрақ - жауап. (1 - 2 ұп)
• Қайталау операторы не үшін қолданылады?
• Әзір қайталау операторы қалай орындалады
• Қайталау параметрі деген не?
• Шарт деген не? Серия деген не?
• ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?
• Шартты тексермей тұрып серияны орындауға болама? Неге?
Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

ІІІ. Проблеманы шешу:
I 1. Бүгінгі сабақта қайталау операторының денесін (тұлғасын/сериясын) шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдің жаңа операторы мен танысамыз.
Жазылу түрі:
repeat
;
UNTIL ;
repeat – until операторының While – do - ға қарағанда үш айырмашылығы бар. 1. шарт циклдан бұрын тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады. 2. Repeat операторында шарт ақиқат (иә) болғанда қайталау (цикл) аяқталады. 3. Repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады.
ЕСЕП: Берілген сөйлемде орысша «а» әрібі қанша рет кездесетінін табатын программа жазайық.
Бұл мақсатқа жету үшін сөзде қанша әріп бар, «а» әріпін қалай белгілейміз, соны анықтап алайық. Алдымен есепте кездесетін шамаларды айқындайық. Есепті шешу үшін не белгілі деп ойлайсыңдар? «а» әрібі, сөйлем, сөйлемнің ұзындығы. Паскальда тамаша мүмкіндіктер бар. Әріпті жеке таңба деп қарасақ оның типін CHAR қызметші сөзімен көрсетуге болады. Мысалы: аа: char; Сөйлемнің өзін де типі STRING болатын айнымалымен белгілейміз. String – типімен көрсетілген сөйлемде (жолда) 1 - ден 256 - ға дейін таңба бола алады. Сөйлемдегі таңбалар солдан оңға қарай 0 - ден 255 - ке дейін нөмірленеді. Әр таңбаға бір нөмір сәйкес келеді. Мысалы: аа:=’Информатика’;, болса, aa[3]=ф, aa[7]=а, aa[11]=а болады. Енді сөздің ұзындығын ше? Яғни, тағы бір қызметші сөз қажеттігі көрініп тұр. Сөйлемде, кез - келген таңбалар тізбегінде қанша таңба бар екенін LENGTH(zz) қызметші сөзі көмегімен анықтауға болады. Мұндағы zz – таңбалар тізбегі немесе сөйлем. Сонымен мысалда келтірілген есепті шешу үшін қажет нәрсенің бәрі бізде бар.
Есептің математикалық моделіндегі бірінші сұраққа жауап беріп қойдық.
1. Не белгілі «а» әрібі, сөйлем zz - жолдық, сөйлемнің ұзындығы n – бүтін сан
2. Не табу керек? «а» әріптерінің саны s – бүтін сан.
3. Қалай есептейміз;
Сөйлемді енгіземіз zz;
– мәнін енгіземіз, қайталау параметрі i:=1; а - лар саны s:=0;
n:=сөйлем ұзындығы;
қайталау

Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat. жүктеу
1 635
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat.
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat.
Паскаль операторында программалауды үйренеді, пысықтайды. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын - ала танысады.
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл туралы түсіндіру. Қайталану командаларын Pascal – да программалауда қолдануды үйрету.
Циклдiк алгоритмдi программалау
Циклдiк алгоритмдi программалау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Курмашова Сымбат Абаевна
Қайталау операторы
Қайталау операторы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×