Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің түрлері

20 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы/ Тема урока: Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің түрлері
Сабақтың мақсаты/ Цель урока:
ОЖ түрлерімен танысу.
А. Білімділік/ Образовательная:
ОЖ - мен танысу.
Б. Дамытушылық /Развивающая;
Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
В. Тәрбиелік /Воспитательная:
Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
ИКЕМДІЛІК/ УМЕНИЯ:
 Амалдық жүйенің негізгі функцияларын білу;
 Жұмыс үстелі және ондағы объектілер міндетін білу;
 Терезе элементтерін білу;
 Басқару панелі және оның элементтерінің қызметін білу.
Дағды /Навыки:
 Амалдық жүйеде атқараылатын негізгі амалдарды қолдануды үйрену;
 Түрлі тәсілмен қапшық құру және оны көшіру, жылжыту, атын өзгертуді үйрену;
 Терезе элементтерімен және тереземен жұмыс жасауды үйрену;
 Басқару панелінің элементтерімен жұмыс жасауды үйрену.
Сабақтың түрлері/ Тип урока: жаңа материалдың байқауы
Әдіс - тәсілдер/ Методы:
1. Словесный 2. Наглядный 3. Практический 4. Исследовательский 5. Репродуктивный
6. Частично - поисковый 7. Объяснительно - иллюстративный 8. Проблемный
_____________________________________________________________________

Материалдар, оқу - әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет / Материалы, учебно - методическая литература, справочная литература

1 БӨЛІМ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТҮРЛЕРІ.

Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т. б.
ОЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің апараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық ақпараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады. Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Бір міндетті операциялық жүйе дегеніміз:
 Қай кезде де адамның компьютерде тек
 бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана
 мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режимде тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді.
Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.
Көп міндетті операциялық жүйе дегеніміз:
 бірнеше программаны қатар іске
 қосуға мүмкіндік береді.
Бұл программалар бір – біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы,
бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютермен бірге
модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бірмендетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтанда біртіндеп ығыстырылуда.
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің түрлері жүктеу
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің түрлері слайд жүктеу
4 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика ФАКУЛЬТАТИВ ЖОСПАРЫ
Терезелер
Терезелер
Windows ОЖ - нің негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің программалық жабдықталуы
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика оқытушысы Тилемисова Майра Жорлмұратқызы
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×