Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Операциялық жүйелерді баптау

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Күні: 23. ХI. 2012 жыл
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: §5. 3 Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылырға Windows операциялық жүйе маңызын білу, ядро, драйвер, интерфейс ұғымдарын кеңейте отырып операциялық жүйелерді баптау арқылы жұмыс істеу деңгейін анықтау
б) дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлығын және жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білімін арттыру, икем – дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
в) тәрбиелік: Оқушыларды жауапгершілікке, іскерлікке, білімділікке, тиянақтылыққа, ұйымдаса жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту, икемділік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндірмелі, көрсете - түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қосымша мәліметтер
Сабақтың құрал - жабдықтары: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, ноутбуктар
Пән аралық байланыс: Орыс және ағылшын тілдері

І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Амандасу, түгелдеу
б) Сабаққа әзірлікті бақылау
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе міндеттері?
3. Операциялық жүйе бөліктері?
4. Операциялық жүйенің қандай түрлерін білесіңдер?

ІІI. Ой қозғау.
1. Жұмыс үстелін қалай өзгертуге болады?
2. Баптау дегенімізді қалай түсінесіңдер?

ІV. Мағынаны тану.
Операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
- буманың терезесінің параметрлерін баптау;
- негізгі менюді баптау;
- басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;
1 топ Буманың терезесінің параметрлерін баптауды Түр → Параметрлер командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі н/се үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көресің
Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады ж/е ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады ж/е өшіреді.
2 топ Негізгі менюді ж/е Тапсырмалар тақтасын баптауды Баптау → Тапсырмалар тақтасы контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.
Жалпы қосымша беті 6 жалаушадан тұрады. Мысалы онда: Экранды автоматты түрде өшіру, Сағатты бейнелеу, Қысқартылған менюді пайдалану т. б
3топ Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы көмегімен орындалады. Басқару тақтасы бумасының терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз: Экран, Шрифтер, Күні мен уақытты, Пернетақта, Тышқан т. б
Егер кез келген белгіні екі рет шертсеңіз, экранда нақты баптау мақсатына қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын диалогтік терезе пайда болады. Параметрлерді берген соң ОК немесе Болдырмау (Отмена) батырмасына басу қажет.

V. Практикалық жұмыстар.
Оқулықтағы §5. 3 тапсырмасы Операциялық жүйелерді баптауды орындау

VІ. Сергіту сәті.
Қазақ → Орыс → Ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Ақпарат→Информация→Information
Терезе→ Окно→Windows
тышқан→мышка→ Mouse
Бос орын→ Пробел→ Proble
Сақтау→ Сохранить→ Save
Ашу→ Открыть→ Open
Баспаға беру→ Печать→ Print
Менің компьютерім→Мой компьютер→ My computer

VIІ. Сабақты бекіту. Деңгейіне қарай жауап беру тапсырмалары
“5” бағалары бойынша сұрақтар
1) Операциялық жүйенің шартты түрдегі бапталуы қандай?
2) Сағатты бейнелеу ж/е менюді қысқарту баптаудың қайсы түріне жатады?
“4” бағалары бойынша сұрақтар
1) Басқару тақтасында қандай белгілерді баптауға болады?
2) Баптау үшін қандай командалар жүйесін орындаймыз?
“3” бағаларына сұрақтар
1) Кез келген белгіні екі рет шерткенде не пайда болады?
2) Параметрлерді берген соң қандай батырманы басуымыз қажет?

VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ОЖ - лер компьютермен бірге дамып, жылдан - жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді. Оның орта ғасырлық болса да тарихы бар. Енді осы тарихи деректерге тоқта кетейін.
1) 1965 - 1975 Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Бұл кез жаңа буын компьютерлерінің пайда болған уақыты еді. Сонымен қатар мини - компьютерлер кең таралды. Мультипрограммалық, көпмақсатты, файлдар жүйесімен тиімді жұмыс жасайтын ОЖ қажет болды. Алғашқы ОЖ - дің бірі OЖ UNIX болды.
2) 1981 - 1985 Microsoft фирмасы - MS DOS, IBM фирмасы - PC DOS, Novell фирмасы - Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды және әр жыл сайын жетілдіріп, жаңа версияларын шығарып отырды. Мысалы: MS DOS 1. 0; MS DOS 1. 1; MS DOS 2. 0... MS DOS 3. 1; т. с. с. Дамыған сайын олардың мүмкіндіктері көбейіп, жаңа командалар қосылып отырды.
3) 1985, ХІ Microsoft Windows ОЖ - нің алғашқы 1. 0 версиясы құрылды.
1987, IV IBM фирмасы OS/2 ОЖ - ін іске қосты.
4) 1987, ХІ Microsoft Windows 2. 0
5) 1990, V Microsoft Windows 3. 0
6) 1992, IV Microsoft Windows 3. 1
7) 1993, IV Microsoft Windows NT
8) 1994. ІІІ UNIX ОЖ - і негізінде Linux 1. 0 ОЖ - і шықты
9) 1995, VIII Windows 95 ОЖ - і жарық көрді. Бұл компьютер әлемінің көптен күткен арманы еді. Қолданушы интерфейсі, қосымша мүмкіндіктері, т. б. көптеген ерекшеліктері ОЖ - ің рыноктағы ерекше орнын анықтады.
10) 1996, VII Windows NT 4. 0 компьютерлік желілермен жұмыс жасауға негізделген ОЖ - сі шықты.
11) 1998, VII Windows 98 ОЖ - і жарық көрді. Бұл версияда Интернет желісіне, компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінді.
12) 2000 жыл Windows 2000 (Win - NT), Windows Me (Millennium Edition - Win - 98). Бұл жүйелер тағы да жетілдірілген, мәлімет қорғау жүйесі жақсы ескерілген.
13) 2001 жыл Windows XP операциялық жүйесі. Бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті. Әрі қолданушыға оңай меңгеруге жағдай жасалған. Оның бірнеше варианттары бар. Windows XP Home Edition, Windows XP Professional. 2005, VI Windows Vista ОЖ - інің бета версиясының презентациясы болды.

ІХ. Үйге тапсырма беру. 1) §5. 3 Операциялық жүйелерді баптау
2) Информатика пәніне қатысты термин сөздердің үш тілде аудармасын жинақтап келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 852
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Операциялық жүйелер дегеніміз не?
Операциялық жүйелер дегеніміз не?
Астана қаласы, №8 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Нурсапа Бакытбек
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Авторы:Кадырова Светлана Сабитқызы Мекен жайы: Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясы информатика пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×