Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндік құжатты пішімдеу

05 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу.

Сабақтың білімдік мақсаты: Құжатты пішімдеудің әртүрлі әрекеттерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық Пішімдеудің әрекеттерін практика жүзінде қолдануды мақсаты: үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ДК – де ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ДК - де пішімдеу әрекеттерін көрсете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар, тест, слайдтар.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Слайд – қайталау сұрақтары.
1. MS Word редакторы қандай редактор, оны қалай іске қосамыз?
2. MS Word редакторының терезе элементтерін атаңдар.
3. Мәтіндік құжат құрмас бұрын қандай әрекет жасаймыз?
4. Enter пернесін қай кезде басамыз?
5. Құжат бетімен орын ауыстыру үшін нені қолданамыз?
6. Baskspace, Delete пернелерінің қызметі қандай?
7. Терілген мәтінді қалай сақтаймыз?
8. Орфографияны тексеру үшін қандай сөздіктер қолданылады?
9. Орфографияны қай командамен тексереміз?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Құжат пішімдеуді құжат құруға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады. Пішімдеуді орындау реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты баспаға шығармай тұрып пішімдеу керек. Егер алынған құжат қандай да бір себептермен ұнамаған жағдайда оны қайта пішімдеуге болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып;
- әртүрлі қаріптерді пайдалануға;
- жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
- беттегі мәтінді туралауға;
- жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
- мәтінді бағандарға бөлуге;
- мәтінде жиектердің әртүрлі типтерін қолдануға;
- мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді (тізім, құйма және т. б) қолдануға болады.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларында пайдалануға болады.
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері: символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Мәтінді белгілеудің келесі тәсілдері бар.
- Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертеміз.
- Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басына жылжытып бір рет шертеміз.
- Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерінде маусты бір рет шертеміз.
- Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертеміз.
- Бүкіл құжатты белгілеу үшін пернелер комбинацияларын басып немесе Правка →Выделить все командасын орындаймыз.
Құжаттың үлкен бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басында бір рет шертеміз де, пернесін басып тұрып, белгіленетін бөліктің соңына ауысып маусты тағы бір рет шеретеміз.
Пішімдеудің негізгі режімдері.
Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе бұл режімдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.
Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану.
Ж «жартылай қарайтылған».
К «курсив»
Ч «асты сызылған»

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат → Шрифт командасын орындаймыз. Экранда одан қажетті параметрлерді таңдауға болатын Шрифт терезесі пайда болады.

ІV. Бекіту тапсырмалары:
А) Сұрақтар. ( слайдпен )
1. Пішімдеу деп нені айтамыз?
2. Пішімдеу кезінде нелерді пайдалануға болады?
3. Ж, К, Ч батырмаларының қызметі қандай?
4. Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін қай командаларды қолданамыз?
Ә) Тест сұрақтары.
Б) Компьютермен жұмыс: Сөйлемді талдау: Сөйлемді жазып, сөйлем мүшелерін шартты белгілерімен сызу. Ол үшін қажетті сөзді ерекшелеп, Формат →Шрифт сұхбат терезесінің шрифт астарлы бетінде астын сызу
(подчеркивание) өрісінде қажетті сызық түрлерін таңдау керек.

Нұрсұлтан бақшадан үзіп алған раушан гүлін анасына сыйлады.

Нұрсұлтан - бастауыш
бақшадан - пысықтауыш
үзіп алған - анықтауыш
раушан - анықтауыш
гүлін - толықтауыш
анасына - толықтауыш
сыйлады - баяндауыш

В) Желтоқсан, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқу, оқылған өлеңдерін MS Word редакторында жазып, әртүрлі пішімдеу әрекеттерін қолдану.
Г) Келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, тілектерін Word Art пішімдеуін қолданып әдемілеп, әрлеп жазу.

V. Бағалау
VI. Қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасын беру. 9. 2 - тақырыпты оқып келу.
8 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Mәтіндік құжатты  пішімдеу
Mәтіндік құжатты пішімдеу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Microsort Word мәтіндік процессоры
Microsort Word мәтіндік процессоры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Назгүл Қыдырқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды MS WORD
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×