Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интернет әлеміне саяхат

15 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сыныбы: 10
Тақырыбы: «Интернет әлеміне саяхат»

Мақсаты:
Білімділік Оқушылардың алған білімдерін тексеру, өткен тақырыптарын қайталау.
Дамытушылық Білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, олардың білімге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құралдар: Мультимедиалық құрылғылар (компьютер, интерактивті тақта, activ vote, планшет, модем, ұялы телефон) бейнеролик, флипчарттар, суреттер, марапаттау грамотасы.
Түрі жарыс сабақ
Типі қайталау
Пән аралық байланыс Қазақ әдебиеті.

Сайыстың ережесі: Сайыс 10 сынып оқушыларына жарыс түрінде өтеді және екі топқа бөлінеді. Әр топ 6 оқушыдан құралады. Сайыс 6 турдан тұрады. Жеңген топ «интернет әлеміне» саяхатқа шығады. Онда 20 жылдан кейінгі болашақтың жоспарын көруге жүрдек пойызды құрастыру арқылы бара алады.

Сайыстың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Интернет әлеміне саяхат» сайысына қош келдіңіздер! Бізге интернет елінен поштамызға хат келіпті. Онда, бізге интернет еліне келіңіздер, онда сіздерді 20 жылдан кейінгі болашақтың жоспары күтіп тұр деп жазыпты. Енді біз интернет әлеміне саяхат жасауымыз үшін бізге жүрдек пойызды құрастыруымыз керек. Ол үшін бізде екі топ сайысқа түседі.
Енді сіздерді сайысқа түсетін екі топпен таныстырайын (тақтада флипчарт арқылы екі топтың аты телегафная лента түрінде шығып тұрады):
1 – топ: Yandex. kz
2 – топ: Google. kz

Біз жүрдек пойызды құрастыру үшін «Сиқырланған көпір» турында пойыздың ең басты бөлігін құраймыз және әр турдан өткен сайын пойыздың вагондарын артына тіркеп отырамыз. Сайысымыз біткен кезде, яғни VІ турда пойызды құрастырып бітіп жеңген команданы пойызбен интернет әлеміне саяхат жасап 20 жылдан кейінгі болатын болашақтың жоспарын көреміз.
Сайысымызды бастамас бұрын интернет жайында қысқаша тоқталып кетейін.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

Интернеттің шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі саланың ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

II. Сайыстың жоспары:
І тур: Таныстыру
ІІ тур: Сиқырланған көпір
ІІІ тур: Интернет ғажайыптары
ІV тур: Интернет қырандары
V тур: Кім тапқыр?
VІ тур: Тест
(сайыстың жоспары тақтада шығып тұрады)
Сайысты қорытындылау.
Бағалау: Екі топ бір - бірлерін әр турдан өткен сайын табломен бағалау арқылы экраннан ұпай сандарын біліп отырамыз.

Ал, енді сайысымызды бастайық.
І тур: Таныстыру (5 минут) - әр топ өздеріне топбасшы сайлап алады да, топбасшысы орнынан тұрып топтарын таныстырып өтеді. (Тақтада екі топтың таныстыруы шығып тұрады).
1 – топ: Yandex. kz
Қиындықтардан бүгілмейміз,
Үмітімізді сенім баптасын
Ашамыз сонда түбінде,
Интернеттің қақпасын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Интернет тақырыбына тест сұрақтары 7 сынып қазақ тілі
Интернет тақырыбына тест сұрақтары 7 сынып қазақ тілі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, № 42 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×