Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астанадағы өрт

05 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Жаңалықтар
Астанадағы өрт
Қарыны тоқ, көйлегі көк болмаса да асқақ арманмен өсіп келе жатқан бес тағдыр қиылды. Альбина, Алина, Элина, Сабина және Бақыт. 2006, 2008, 2013, 2015, 2018 жылғы туған балалар еді.
Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды. Бір отбасы бес бірдей қызынан айырылды. Ата - анасының қарауынсыз қалған бүлдіршіндер тілсіз жаудың құрбаны болды.

Қайда жүр деп ата - анамды сөкпеңіз,
Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із.
Жер бетінен жайлы орын таба алмай,
Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз!

Енді біздер мектеп, бақша бармаймыз,
Енді дәптер, сөмке сатып алмаймыз,
Енді бізге берсеңдер де хан сарай,
Ішін шашып, ойнап, асыр салмаймыз!

Уақыт боп, айырылдық жас жаннан,
Өміріміз тар бөлмеде басталған.
Барлық бала бақытты өмір сүрсінші,
Біз оларды бақылаймыз, аспаннан!

Қастарыңда болсын дайым анаңыз,
Әкетайың болсын дайым панаңыз,
Бұл өмірден пәтер көрмей кетсек те,
Ұжымақта зәулім сарай саламыз!

Енді аяздан ешбір сәби тоңбасын,
Жауқазын гүл ашпай жатып солмасын,
Ұрпағыңның жарық болып маңдайы,
Отанымда еш жамандық болмасын!!!

Авторы:
Кеңшілік Тышқанұлы
2 587
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Біз оқушы атандық
Біз оқушы атандық
Құрметті жиналған барша қауым. Аяулы ата - аналар, қонақтар. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын
- Балалар! Қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?- Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы
Жаңа жыл 2024
Жаңа жыл 2024
Құрметті білімділер порталының оқырмандары, сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге тек жақсылық әкелсін, аспанымыз ашық, ел-жұртымыз аман болсын! Кең болсын қазағымның керегесі. Кетпесін туыс туған
Жаңа жылға арналған өлеңдер
Жаңа жылға арналған өлеңдер
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Cowдың бастан кешкендері
Cowдың бастан кешкендері
Ерте, ерте, ертеде аспандағы орманда animals ерекше өмір сүріпті. Ну орманға саяхаттап шыққан сow талдан - талға секіріп жүрген horsesті, жайылып шөп жеп жүрген fishesті, суда жүзіп жүрген monkeysті, талға өрмелеп бара жатқан goatті көріп мәз болады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×