Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерін қайталау

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерін қайталау
(7 - сынып)

Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылар сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерінен алған білімдерін тиянақтайды, кеңейтеді.

Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты:
Сөйлеу барысында оқушылар диалог, монолог жөнінде білімдерін өз жұмыстарында қолдана алады. Өткен сабақтан алған білім - дағдыларын жүйелейді.
2. Сын тұрғысынан ойлау:
Салыстыру, талдау жасай алады. Алған білімдерін қорытындылай алады.
3. Топтағы жұмыс:
Жұпта, топта. Бірлесе жұмыс жасай отырып өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді. Топта жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қажеттілігіне жарата білуге үйренетін болады.

Бағалау: Жеке топтық жұмыс кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін, білім деңгейлерін, жұмыстардың орындалу сапасын ескере отырып бағалаймын.

Сабақта қолданылатын әдістер:
Үш қадам сұхбат, кубизм. Семантикалық кесте, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, семантикалық кесте, кубик

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Үш қадам сұхбат әдісі» арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Мұғалім сөзі: - Балалар сендер сөйлеудің диалогтік, монологтік түрлерімен толық танысыңдар. Бүгінгі сабағымызда жұпта, топтағы әр түрлі тапсырмалар арқылы диалог пен монолог түрлерін қайталаймыз. Өйткені қайталау – оқу анасы.

І. Қызығушылықты ояту:
309 - жаттығу
Қожаның монологін мәнерлеп оқып, мәтінге ат қойыңдар. Диалогпен салыстырыңдар. Ата - ана туралы монолог жазыңдар.

ІІ. Мағынаны тану.
Кубизм страгтегиясы.
Тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын стратегия.
1. Суреттеңіз: Диалог пен монолог дегеніміз не? Мысалдармен дәлелде.
2. Салыстырыңыз: Диалог пен монологтың ерекшелігі неде? Дәлелде.
3. Қолданыңыз: Диалог, монолог құраңдар.
4. Ойыңызбен байланыстырыңыз: Әдебиет пәнінен өтілген шығармалардың ішінде диалог пен монолог бар ма? Еске түсіріңдер.
5. Саралаңыз: Монолог қалай жасалады? Өздерің құраңдар.
6. Талқыласаңыз: Берілген үзіндіден диалог пен монологты ажыратыңыз.

Көрнекілік әдісі арқылы диалог құрау. (6 топқа сурет беріледі)

Ой толғаныс: Өтілген бағдарламалық материалды жинақтап қорыту.
Әр топқа семантикалық кесте толтыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Күнделік - менің құжатым
Күнделік - менің құжатым
Диалогтік оқыту (сұрақ - жауап) әдісін қолдана отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту; жіктік жалғауды еске түсіре отырып, оны сөйлемдерде қолдана білу.
Диалогтік оқыту менің тәжірибемнен
Диалогтік оқыту менің тәжірибемнен
Әр мұғалім өз сабағында диалогтік оқытуды пайдалану туралы шешім шығаруды. Мұғалімдер оқыту мен оқуда диалогтың маңыздылығын білу.
look at me
look at me
Монологтік және диалогтік сөйленімін қалыптастыру, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді енгізу, үйренген сөздерді жағдаятта қолдану, тыңдау дағдыларын дамыту, тақырыптық сөздік бойынша орфографиялық дағдысын қалыптастыру.
Our school
Our school
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жумагалеева Гульнара Бигельдиевна
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×