Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекпен тапқан тиын

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын.
Мақсаты: Ертегінің негізгі мағынасын өз беттерінше ұғынуға көмектесу. Ана тіліне қызығушылығын арттыру. Ой- өрісін жетілдіру.
Міндеті: Оқушыларды өз беттерінше ізденуге баулу. Сыни ұрғыдан ойлауларын дамыту. Ой толғанысқа белсенді араласу.
Жеке пікірлерін қалыптастырып, басқаның ойына құрметпен қарау.
Күтілетін нәтижелер:
Болжау, жорамал арқылы әңгімені талдайды, салыстырады, қиялын дамытады. Бірлесе жұмыс істей отырып, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйренеді. Топта, жұпта жұмыс істеу қабілеттерін арттыра алады.
Сабаққа қажетті құралдар: оқулық, қағаз, маркер, қалам дәптер.

Сабақтың өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу пәні.

Қолданылатын стратегиялар: топтастыру, венн диаграммасы, эссе, ЖИГСО - 2
1.Қызығушылықты ояту кезеңі:
Ой қозғау. Топтастыру
Еңбек туралы не ойлайсыңдар? Ойларын қағазға түсіру. Жеке жұмыс. Жұпта пікір алмасу. Топта талқылау. Әр топтан бір оқушы өз пікірін айтып талқылайды. Оқушылардың ойларын тақтаға жазу.

Міне балалар осыған байланысты бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын.
Мағынаны ашу
Жанұя тобында мәтінмен оқып танысады. Топқа бөлінеді. Жұмыс тобына кетеді. Әр топта эксперт парағымен жұмыс жүргізеді.
Эксперт парағы
Қария туралы не айтасыңдар?
ә) Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жеке жұмыс, жұпта пікірлесу, топта талқылау

Эксперт парағы
а) Ұлы туралы не айтасыңдар?
ә) Осы ертегіні суреттеп, өмірмен байланыстырыңдар.
Жеке жұмыс, жұпта пікірлесу, топта талқылау

Эксперт парағы
а) Анасы туралы не айтасыңдар?
ә) Салыстыру.

Еңбекқор
Еріншек

Жеке жұмыс, жұпта пікірлесу, топта талқылау

Эксперт парағы
а) Ертегінің қандай тәрбиелік мәні бар?
ә) Ертегіні әрі қарай қалай жалғастырар едіңдер?
Жеке жұмыс, жұпта пікірлесу, топта талқылау
Жанұя тобына оралу. Әр оқушы өзінің эксперт парағымен топта не үйреніп келгенін ортаға салу. Топта талқылау. Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойларын қорғайды.
Кері қатынас парағы. Менің осы сабақтан алған әсерім.
Бағалау
Үйге тапсырма: Еңбек туралы мақал мәтелдерді жинақтау.
8 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлудің жолдарын анықтауға және оны шығаруды үйренуді бірге орындау.
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Балалар, біз бүгін аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, сөйлесеміз. Қане, алдымен суретке қарап, аю және киік туралы не білесіңдер? Олар көктемде қалай тіршілік етеді, деп ойлайсыңдар?
Суды қорғау
Суды қорғау
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі КММ - ның бастауыш сынып мұғалімі Омарова Карлыга Борисовна
Жалқау немере
Жалқау немере
Сабақтың тақырыбы: Жалқау немере Сабақтың мақсаты: - оқушыларға еңбек ету туралы негізгі ойды ұғынуға көмектесу.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы Дүниетану 4 сынып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×