Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қос тіл – қос қанатың

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Қос тіл – қос қанатың

Қазақшаң қалай? – сайысы
Мақсаты: Б. Оқушылардың коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, сөйлемдер, мәтіндер құру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттау.
Д. Ой - қиялдарын, сөйлеу әуезділігін қалыптастырып, дамыту.
Т. Еліміздегі халықтардың ынтымақтастығына, бірлігіне назар аудару, тілге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
2. Сабақ мақсатын айту
III Сәлемдесу. Таныстыру кезеңі.
3. Ой қозғау. Блиц сұрақтарға тез жауап беру.
1) Сенің ең жақсы көретін пәнің?
2) Сен қазақ тілін неге жақсы көресің?
3) Сенің Отаның?
4) Сен, орыс тілінде ертегі оқисың ба?
5) Сен, қазақ тілін неге үйренесің?
6) Сен, қазақ тілінде сөйлейсің бе?
7) Сен, қазақ тілінде ән айта аласың ба?
8) Қос тіл – қос қанатың дегенді қалай түсінесің?
9) Ағылшын тілін үйреніп жүрсің бе?
10) Үш (орыс, қазақ, ағылшын) тілдерін неге оқу керек
(Қорытындылау, ең озық ойды түйіндеу)

IV. Тіл, Отан туралы өлеңдерді жатқа айту
V. Сөз таңдап, сол сөзге мәтін құрау (ауыл, Отан, мектеп)
VI. Сахналау(3б сынып) «Мақта қыз бен мысық»
VII. Кім көп сөз құрайды? Қазақстандықтар
- Деп кімді айтады? Дұрыс Қазақстанда тұратын әрбір азаматты қазақстандық деп атайды, сондықтан осы елдің тілін білу парыз!

Тапсырма: Осы аталған сөзбен 1 минут ішінде қай топ көп сөз құрайды.
Ертегі 4 б сынып «Бауырсақ»

VIII. Сызба бойынша грамматикалық диктант жүргізу.
-----------------------------------
Ертегі 5 б сынып «Алдар Көсе мен қу жауырын»

IX Мәтінді аяқта
Қыс. Дала суық. мен шанамды сүйреп далаға шықтым. Кенет бір кішкентай торғайды көрдім. Ол жерде ұша алмай жатыр екен. Мен...

X Мақал-мәтелден жарыс. «Кім көп мақал-мәтел біледі?»

XI Кім көп тез жауап береді, әріптер таратылып береді. 4 оқушы шығады.
3б 1) Қазақстан бұл біздің (Отан)
2) Мен мектепке пешком (жаяу) барамын
3) құлағы ұзын, қорқақ аң (қоян)
4) шешемнің анасы менің (әжем)
5) біздің елде барлық елдер тұрады (дружно) тату
6) қойдың төлі (қозы)
7) бұл қарындаш (черный) қара
8) қазақша мультфильм (смотреть) көру
9) ол кішкентай ғана (ребенок) бала

5 сынып сұрақтары.
1) Бақшада өседі» (қызыл алма)
2) 7 күн болады бір (апта)
3) қыста түн (ұзақ)
4) біздің сынып әрдайым (таза)
5) күзде жапырақтардың түсі (сары)
6) бір жылда... жыл мезгілі бар (төрт)
7) Астана ол ауыл емес (қала)
8) бұл... – түлік дүкені (азық)
9) «вчера» қазақша аударсаң (кеше)

4 сынып
Барыс септігінің сұрағы (неге?)
... байдың – елі бай (жері)
Аспанды қара... қаптады (бұлт)
«та» буыны (ашық)
Қаз. Салт - дәстүрі үлкендер беретін (благословение) (бата)
Әдемі болу үшін оған қарайсың, өзіңді көресің (айна)
Мектеп... білім теңізі (кеме)
Сырғанаймын қыста, демаламын жазда (шана)
Адам досымен... тамырымен мықты (ағаш)

XII Қазақша ән айтып жарысу
Қорытындылау:
І Қажетті сөзді тауып жаз
Қазақстан бұл.... Менің, сенің... тұрады. Қазақстанда мемлекеттік тіл -....... Біз қазақ тілін..., себебі біз... тұрамыз. Сол тілде біз... аламыз. Ағылшын тілі арқылы... тілін меңгереміз.
Көп... білсең, келешекте білімді азамат боласын. Қос тіл – қос... осыны ұмытпа.!

Ұпайларын санау
Марапаттау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек.
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Бұл жинақта оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған.
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Теледидар (Television)
Теледидар (Television)
Оқушылардың ағылшын тілінде тыңдап түсіну мен әңгімелесу іскерліктері дамиды. Ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік - жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімін жетілдіру үшін қызығушылықтары артады;
Фариза - поэзия гауһартасы
Фариза - поэзия гауһартасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Менің туыстарым
Менің туыстарым
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергебекова Гүлшария Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×