Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

18 наурыз 2014, Сейсенбі
6 - класс
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: а). Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру, жалпы мағлұмат беру, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу.
ә). Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ой - қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту.
б). Елін, жерін сүйетін, тілін қастерлейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, салыстыру, талдау.
Көрнекіліктері: ребус, кеспе қағаздар, перфокарта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау.
III топ(үшінші) II топ(екінші) I топ (бірінші)
123 - жаттығу 126 - жаттығу мақал - мәтелдер жазып келу
Қойылатын сұрақтар.
а). Зат есімдер дегеніміз не?
ә). Деректі зат есім, дерексіз зат есім дегеніміз не?
б). Жалқы, жалпы есім дегеніміз не?

3. Үй тапсырмасын қорытындылау. “Кім жылдам жаза алады?” ойыны.
Деректі зат есім Дерексіз зат есім

4. Жаңа сабақ
Ақ бас таудың етегінде
Аппақ гүлдер тұнып тұр.
Ақ жаулықты анам келіп,
Алыс қырды шолып тұр.
Жаз шуағы жанарында
Күміс күндей күлкісі
Ақ жүректі, ақ жаулықты
Ақ тілекті бұл кісі.
Аппақ ниет, ақ көңілмен
Ақ нұр болды сепкені
Ақ сүт берген анашыма
Ақ алғысым көп менің!
Балалар, осы өлең жолдарынан қандай сөзді көп кездестірдіңдер?
Сұрақ қояйықшы.
Қандай деген сұраққа жауап беретін қай сөз табы еді?
Ендеше, мына бейне сөзді шешіп көрелік.
Мына суретте нелер бейнеленген?

Қоржынның алдыңғы 4 әрпін алып тастап, орнына “с” әрпін, есіктің соңғы әрпін алып тастап, орнына “м” әрпін қойса қандай сөз шығады?
Ал, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сын есім.
Қазақ тіліміз - өте бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағыналарын, қызметіне, сұрағына қарай тоғыз топқа бөлінеді дедік. Өткен сабақта зат есіммен таныссақ, бүгін сын есімге тоқталамыз.
Сонымен, заттың сынын, сипатын, сапасын, түр - түсін, иісін, дәмін, көлемін білдіріп, қандай, қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.(Ережені қайталатамын)
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Жылдың тағы қандай мезгілдері бар?
Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған қай ақынды білеміз?
Кеспе қағазбен жұмыс жүргізіледі.
Кітаппен жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы жазба жұмыстарын орындау.
I деңгейлік тапсырма II деңгейлік тапсырма
127 - жаттығу 129 - жаттығу
III деңгейлік тапсырма
128 - жаттығу

Сергіту сәті:
Бір сөзбен айтқанда қалай дейді?
1). Жақсы оқитын оқушы (үлгілі)
2). Тез ашуланатын адам (ашуланшақ, қызба)
3). Сабақ оқымайтын оқушы (жалқау)
4). Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шебер адам (шешен)
5). Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)
Перфокартамен жұмыс.
Суретпен жұмыс

5. Бекіту
Сөзжұмбақ арқылы оқушы білімі бекітіледі.“Жақсы сөз - жан семіртер”

6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
I топ II топ III топ
Сын есімі бар мақал - мәтелдер жазу
131 - жаттығу шағын әңгіме жазу
9 853
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×