Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен 5 - сыныптарға арналған емтихан сұрақтары

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Қазақ тілінен тереңдетілген 5 - сынып оқушыларын аралық аттестаттау мақсатында дайындалған емтихан материалдарының 1, 2 - сұрақтары оқушының қазақ тілі пәнінен 5 - сыныпта алған теориялық білімін сынақтан өткізу үшін, ал 3 - сұрағы қазақ әдебиетінен алған білімі мен тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай білу дағдысын тексеруге арналған.

Қазақ тілінен 5 - сыныптарға арналған емтихан сұрақтары

№1 билет
1. Әдеби тіл және оның формалары.
2. Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер
3. Жұмбақтың шешуін тап.
Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған.
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№2 билет
1. Мәтін деген не? Мәтінге нелер жатады?
2. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер
3. Жұмбақтың шешуін тап.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең – қанат, сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Асты сызылған сөздерге фонологиялық талдауды ықшамдау принципімен өрнекте.

№3 билет
1. Лексика деген не? Лексика нені зерттейді?
2. Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер
3. Төменде берілген салт өлеңі қалай аталады?
Қаз - қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
«Тұсаукесер» сөзіне фонологиялық талдау жаса.

№4 билет
1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
2. Ашық және қысаң дауыстылар
3. Мақал - мәтелде не жайында айтылған?
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
«Оқу», «білім», «өнер», «ғылым» сөздеріне фонологиялық талдауды ықшамдау принципімен өрнекте.

№5 билет
1. Көп мағыналы сөздер
2. Еріндік және езулік дауыстылар
3.«Ерте заманда Ерназар деген бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты.»
Қай ертегіден үзінді? «Ерназар», «Ер Төстік» сөздерін фонологиялық талда.

№6 билет
1. Омонимдер
2. Дауыссыз дыбыстар
3. Перінің қызы Бекторы,
Шайпау сөзің қой, Торы.
Сүйген де жарым Ер Төстік,
Өз жарымды сүйемін.
Қай шығармадан алынған кейіпкердің сөзі?
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№7 билет
1. Синонимдер
2. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
3. Үзінді қай ертегіден алынған?
- Қара ауыз қасқырды өлтірген болса, ит атаулы қасқырға қожа болатын еді. Енді иттің ілуде біреуі - ақ қасқыр алатын болады...
Ертегінің атын тауып, сол сөзге фонологиялық талдау жаса.

№8 билет
1. Антонимдер
2. Буын
3.– Айдан айлар жүрдім. Зорығып, астымдағы атым өлді. Жылдан жылдар жүрдім. Бір күндерде өгіздің желкесіндегі жауырына қауын егіп, өсіріп отырған бір егіншіге кез келдім.
Үзінді қай шығармадан алынған? Ертегі кейіпкерінің атын сөз құрамына талда.

№9 билет
1. Табу
2. Буын түрлері
3. Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!»- деп жүріп кетіпті.
Кейіпкердің есімін сөз құрамына талда.

№10 билет
1. Эвфемизм мен дисфемизм
2. Тасымал
3. Қай шығармадан алынған үзінді?
Ақсақ құлан шошыған,
Таудан төмен жосыған.
Балаң өлді – Жошы хан,
Нанбайсың ба осыған?
Асты сызылған сөздің құрамындағы дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.
№11 билет
1. Тұрақты тіркестер
2. Үндестік заңы
3. Қай кейіпкердің портреті берілген?
Үштен төртке жетті жасы,
Туған айдай екі қасы,
Ақ тістері ақ меруерттей.
Қос жұлдыздай көз жанары,
Қос бетінің тамып қаны,
Жалындайды жанған өрттей.
Асты сызылған сөздің құрамындағы дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.

№12 билет
1. Мақал - мәтелдер
2. Буын үндестігі
3. Үзінді қай өлеңнен алынған? Авторы кім?
Астына мінген Ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Асты сызылған сөздің құрамына талдау жаса.

№13 билет
1. Сөздік қор
2. Буын түрлері
3. Қай шығармадан алынған үзінді?
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Асты сызылған сөздің құрамына талдау жаса.

№14 билет
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы
2. Буын
3. Үзінді берілген шығарманың атын ата.
Өтеген аман - есен келді дейді,
Аралап талай жерді көрді дейді.
Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
Ел - жұртын аман - есен көрді дейді.
Асты сызылған сөздердің құрамына талдау жаса.

№15 билет
1. Көнерген сөздер
2. Тіл дыбыстары
3. Өлеңнің авторы кім? Өлең қалай аталады?
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№16 билет
1. Жаңа сөздер
2. Ашық және қысаң дауыстылар
3. Шығарма авторы кім?
Қайырған, текектеткен, жорғалатқан,
Сарқыған, екшеп қағып, сорғалатқан.
Талмаурап самайдан тер сыпырғанда,
Тартуын «Бозінгенді» қолқалатқан...
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№17 билет
1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері
2. Кәсіби сөздер
3. Үзінді қай шығармадан алынған?
Қобыландының қоштасқаны, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобыландының жекпе - жегі Абайды, әсіресе, еліткендей болатын.
Асты сызылған сөздерге фонологиялық талдауды ықшамдау принципімен
өрнекте.

№18 билет
1. Кірме сөздер
2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
3. Келешектегі әлемдік балуан Қажымұқан Масликовқа осылай келіп жалшылыққа тұрды...
Шығарма авторы кім? Асты сызылған сөздің құрамындағы дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.

№19 билет
1. Диалект сөздер
2. Жалпылама лексика
3. Өлең не жайында? Өлеңнің авторы кім?
Күштілер күшінен ұялды,
Ерен ер еркінен қысылды.
Ұлылар кішіден ұялды,
Сұлулар көркінен қысылды.
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№20 билет
1. Термин сөздер
2. Дыбыс үндестігі
3. Үзінді берілген шығарманың аты мен авторын тап.
- Иә, әлгі Шашубай деген бала, Қошқарбайдың Шашубайы.
Асты сызылған сөздің құрамына талдау жаса.

№21 билет
1. Тіл дыбыстары
2. Орфография мен орфоэпия
3. Қай шығармадан үзінді? Авторы кім?
- Қуғаннан пайда жоқ. Қозыкүрең бәрбір жылқы баласына шалдырмайды.
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№22 билет
1. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы
2. Фонетика нені зерттейді?
3. Өлеңнің аты мен авторын ата.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын
Әжемнің тарамысты сауақтарын.
Асты сызылған сөздерге фонологиялық талдауды ықшамдау принципімен
өрнекте.
№23 билет
1. Қазақ әліпбиі
2. Екпін
3. Шығарманың авторы кім? Шығарма қалай аталады?
Жүрегінде ыза табы қалмағандай бір мысқал,
- Шалалаусың,- деп жымиды Шыңғысхан.
Асты сызылған сөздің құрамындағы дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.

№24 билет
1. Дауысты дыбыстар
2. Сөз екпіні
3. Шығарманың авторы кім? Шығарма қалай аталады?
Жүрегінде ыза табы қалмағандай бір мысқал,
- Шалалаусың,- деп жымиды Шыңғысхан.
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.

№25 билет
1. Жуан және жіңішке дауыстылар
2. Ой екпіні
3. Қай шығармадан алынған үзінді?
Аспандағы жұлдыздарды уыстап, жердегі Ермекке қарай шашады. Шашылған жұлдыз емес, сап - сары бауырсақтар.
Асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса.
41 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.
Қос сөз ережесін қолдана отырып, туынды сөздердің жасалу жолын түсіну.
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рамазанов Сергей
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×