Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазғы демалыстағы саяхат

03 мам 2014, Сенбі
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыстағы саяхат
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша түсінік бере отырып, оқушылардың білім деңгейін дамыту.
Сабақтың міндеті:
1. Тақырып бойынша толық түсінік беру, алған білімдерін тиянақтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Топтық жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, бір - бірін сылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, таратпалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! - деп сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық. (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сөздік диктант
Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады.
Лагерьде өте қызық. Балалар жақсы демалады. (4 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ
Біз жазғы демалыстағы саяхаты облысымыздың мақтанышы Қарқаралы ауданындағы «Тасбұлақ» демалыс үйіне бағыттаймыз. Оған жету үшін біз бірнеше кедергілерден өтуіміз керек.
ІҮ Жаңа сөздер
саяхат - путешествие
демалыс - отдых
көңілді - весело
табиғат - природа
ауа райы - погода
қолшатыр - зонт
көзілдірік - очки
демалыс үйі - дом отдыха

1 - тапсырма. Есте сақтау бекеті
Жаз, саяхат, демалыс, көңілді, табиғат, ауа райы, қала. (2 мин)
(есте қалған сөздерді дәптерге жазу)
Балалар сендер бұл кедергіден өттіңдер
2 - тапсырма. Сәйкестендіру бекеті
Әр суреттің жанына мағыналас сөздерді апарып қою.
демалыс үйі, орман, күн, сөмке, автобус, көзілдірік, қолшатыр (5 мин)

Балалар жарайсыңдар! Бұл бекеттен де сүрінбей өттіңдер.
Сергіту сәті (видео ролик 2 мин.)
3 - тапсырма. Таратпалар бекеті.
Таратпа 1
1 - нұсқа
1. Сен жазда қайда демаласың?
2. Жаз айларын ата?
3. Ең ыстық жыл мезгілі?
2 - нұсқа
1. Ең ыстық жыл мезгілі – жаз.
2. Ауылда атам мен әжемнің үйінде демаламын.
3. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
Таратпа 2
1 - нұсқа
1. Қандай сусын түрлерін жақсы көресің?
2. Жазда ауа райы қандай болады?
3. Жаздық киімдерді ата?
2 - нұсқа
1. Жеңсіз көйлек, жаздық бас киім.
2. Шырын, газдалмаған су.
3. Жазда ауа райы ыстық.
Таратпа 3.
1 - нұсқа
1. Қазақстандағы ірі демалыс орындары.
2. Тауға саяхатқа шыққанда не істемеу керек?
3. Саяхатқа керекті заттарды ата?
2 - нұсқа
1. Сөмке, су, бас киім.
2. Бурабай, Алакөл, Балқаш.
3. Қоқыс тастамау, суды ластамау.
(тақтаға шығып жауап беру - диалог)
Жарайсыңдар осы бекеттен де сүрінбей өттіңдер.

4 - тапсырма Грамматикалық бекет (Қаламмен жұмыс)
Етістік – заттың іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істейді? не болды? не қылды? Мысалы: оқыды, жазды, демалды.
Құрамына қарай: дара етістік және күрделі етістік.
Дара - бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: баста, аяқта
Күрделі - кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: келіп отыр, жазып тұр

- Балалар қазір «Бағдаршам» арқылы түсініктерін көрсете аласыңдар.
Жасыл бағдаршам - ереже түсінікті.
Сары бағдаршам - түсінікті, бірақ мұғалімнің көмегі керек.
Қызыл бағдаршам – ереже түсініксіз
(Сары, қызыл көрсетсе алсаңыздар келесі сабақта коррекция сабағы өткіземіз)

Тапсырма: Сөйлемді аяқта
Мұғалім мектепте жұмыс істе.....
Мен ертең дүкенге бара....
Ағам институтта жұмыс істе....
Ертең атам Астанадан келе....
Сен бүгін дүкеннен кітап сатып ала....
Табиғат туралы фильм
VI. Рефлексия.
Демалыс себетін стикерлер арқылы толтыру
Сендер бүгінгі саяхат сабақта өз білімдерімен барлық кедергілерді жеңіп ғажайып мекенге жеттіңдер!
VII. Үй жұмысы: Сурет бойынша шағын әңгіме құрау
Бағалау:
41 825
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
Жаз мезгілі – демалысқа қолайлы кез. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында балалар суға шомылады, балық аулайды. Кейбіреулері ауылға барады.
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Лагерьде Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Лагерь қалың қарағайдың ішінде. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады, балық аулайды.
Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.
Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.
Жаз мезгілі, жазғы ойындар, жазғы табиғат, жазғы еңбек жайлы түсінік беру Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс төңірегінде сөйлей білуге үйрету, сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдана білуге машықтандыру, алған білімдерін нығайту, өтілген тақырыптарды қайталай отырып, бала білімін жетілдіру.
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×