Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің райлары. Қазақстандық батырлар

25 мам 2014, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық батырлар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларға «Ұлы Отан соғысы батырлары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, сөйлесу іздендіру, дәлелдеу,
Көрнекілік материал: суреттер, карточкалар, тірек - сызба, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
142 (117) бет Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, барлық райларда жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі:- Балалар, қандай көктем мерекелерін білесіңдер?
Олар қалай аталады?
- Бүгінгі сабақ 9 Мамыр Жеңіс күніне арналады. Сабақтың тақырыбы«Қазақстандық
батырлар»деп аталады.
(тақпақ оқу): Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

ІҮ. Сөздік жұмыс:
- Сабаққа қатысты жаңа сөздерді қайталап шығу:
Жеңіс – (народ, особый, победа)
Атақ – (благо, звание, равноденствие)
Екі мәрте – (солидарность, дваждый, одобрили)
Ерлік – (героизм, единогласно, мейрам)
Атақты мерген – (қуанышым, снайпер, несравненный)
Қаза тапты – (сердце, уничтожила, погибла)
Соғыс – (великий, борец, война)
Жауынгер –(солдат, восток, известно)
Кеңес Одағының Батыры – Герой Советского Союза

(Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру. - Мұғалім мәнерлеп оқиды. - Оқушылар мұғалімнен кейін дауыстап қайталайды. - Оқушылар тізбекпен оқиды)
- Қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды?
- Қандай ерлік, Отан туралы мақал – мәтелдер білесіңдер ме?
Ой шақыру. «Қазақ батырлары» тірек - сызба арқылы жұмыс.
Ұлы Отан соғысы Батырлары туралы мәлімет беру.

ІҮ. Жаңа мәлімет:
1. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 - тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген. Ол жауға қарсы 305 рет ұшып, оның сегіз жүзден астам техникасын істен шығарды.

2. Иван Фомич Павлов (1922 – 1950 жж.) Қостанай облысы Бурабай ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысқа қатысушы, майор, эскадрилья командирі, Павлов 1942 жылы Орынбор әуе училищесін бітіріп, соғысқа жіберілді. Ол 1943 жылдың қазан айына қарай 127 рет жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтеріліп, жаудың әскері мен әскери техникасын жойды.

3. Сергей Данилович Луганский (1918 - 1977жж.) Алматы қаласында дүниеге келген. 1938 ж. Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 ж. Мәскеудегі әскери - әуе академиясын бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді.

4. Әлия Молдағұлова 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54 - ші арнайы атқыштар бригадасы 4 - батальонының снайпері болған (22 - ші әскер, 2 - ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30 - дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. Новосокольники ауданында қаза тапты.

5. Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы (1920), Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылында дүниеге келді. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті, 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.

6. Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы — Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Ү. Бекіту:
Топтық жұмыс:
1) Сөздердің аудармасын анықта:
жеңіс - Великая Отечественная война
атақ - солдат, воин
екі мәрте снайпер
ерлік - победа
Мерген звание
Ұлы Отан соғысы - война
соғыс - героизм
жауынгер - дваждый

2) Ережені есіңе түсір:
Бұйрық рай жалғаулары:
Шартты рай жұрнақтары:
Қалау рай жұрнақтары:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерісрері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Спорт киім. Тұйық етістік
Спорт киім. Тұйық етістік
Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Атырау облысы, Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Жанылсын Саламатовна
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Өскемен қаласы, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×