Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батырлар жыры «Алпамыс батыр»

23 маусым 2014, Дүйсенбі
Пән: Әдебиет
Тақырыбы: Батырлар жыры «Алпамыс батыр»
Мақсаты: «Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты тану
Міндеттері: 1. Алпамыс батыр жырындағы – ерлік, батырлық елді сыртқы жаулардан қорғау кезеңін таныту. Алпамыс бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
2. Сабақтың барысында Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, жеке тұлғаның көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын (құзыреттілігін) арттыру. Жырды сүйсіне жырлап, ұрпақтан ұрпаққа мұра ету, отаншылдық идеясын асқақтату.
3. Алпамыс бойындағы адами ізгілік қасиеттерді оқушы бойына дарыта отырып, өз елін, Отанын сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: * Берілген тақырып бойынша бұрынғы білімді еске түсіреді;
• Сұрақ бойынша түсінігін айтады
• Жырдың мазмұнын толық біледі;
• Оқулықта берілген үзінді бойынша жыр жолдарын жатқа оқиды;
• Жыр кейіпкерлерін талдай алады;
• Ойын жазбаша түрде жеткізеді
Дерек көздері: Алпамыс батыр бейнесі, Алпамыс батыр жыры. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалығы. Алпамыс батыр жырының оқиғалық, бейнелік суреттері.
Сабақ барысы: Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын жасау.
Оқушылармен жылы амандасу, бүгінгі тақырыпқа сай « Біздің есіміміз жырдан орын алған» . Оқушылардың көңіл - күйін жасау.
1. Батырлар жырында ақылды хандар туралы айтылады.
Сыныбымызда ел басқарған хандардың құрметіне қойылған есімді балалар тақтаға келейік.
Абылай, Ералы, Ерасыл, Томирис, Темірлан, Мәлік
- Бүгінгі сабаққа есімдеріңді қатыстыра отырып, қандай тілек айтасыңдар?
- Барлық оқушылар ақылды да батыл жауаптар берсін.
2. Батырлардың серіктері, жұбайлары туралы жырда көп айтылады. Сұлулық белгісі болатын есімді қыздарымыз шықсын.
Құралай, Шынар, Ұлығай, Ажар, Перизат, Бибігүл
- Ал, сұлулар, бүгінгі сабаққа сендер қандай тілек айтасыңдар?
- Өз білімімізді сұлу, көркем сөздермен көрсетейік.
3. Ал, қалған оқушылардың ішінен кім тілек айтқысы келеді?
Мұхтар: Менің есімім «ерекше, таңдамалы» деген мағына береді. Біздің бүгінгі сабақтағы жауаптарымыз ерекше болсын
Аида: Менің есімім «сыйақы, пайдалы» деген мағына береді. Бүгінгі сабақтағы жауаптарымызға жақсы сыйақылар, яғни « бестіктер» алайық
Осы көңіл - күйді сақтай отырып, оқушыларды топқа бөлу.
Жасырынған сөздер арқылы топқа бөлінді.
Мектептегі «Батырлар жыры» үйірмесінің оқушыларымен телекөпір арқылы байланысқа шығып, жырды айту мақамдарын тыңдаттым. Осыдан кейін блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізілді
Сабақтың басқа кезеңдері толық видеода бар.

Блум таксономиясы бойынша ойлауды жіктеу
1 Білу
Мақсаты: Берілген жаңа түсінікті ұғу, бұрынғы білімді еске түсіреді
1 - топ «Батыр туса, ел ырысы»
2 - топ «Ер қаруы - бес қару»
3 - топ «Ат - ер қанаты»
4 - топ «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің»
Нәтиже: Берілген тақырып бойынша бұрынғы білімді еске түсіру Тақырып бойынша мәліметтерді ортаға салу деңгейі:

2 Түсіну
Мақсаты: Жаңа тақырыпта берілетін білімді түсінуі, өзінше айта білуі, өзінше түсіндіруі, болжам жасауы.
«Әзіреті - Қаратау әулиенің кені еді» неліктен олай айтылады деп ойлайсың?
«Атбесік салып басына қабірін бұлар түзеді» дегенді қалай түсіндірер едің?
“Ғайып – ерен қырық шілтен баланы қолдан демеді” деген тіркеске түсінік бер.
Нәтиже: Сұрақ бойынша түсінігін айтады Жауап қандай деңгейде болды?

3. Қолдану
Мақсаты: Жаңа білімді тәжірибеде қолдану, нақты жаңа жағдайға пайдалану.
Жыр тыңдап көрдің бе?
Жырлау қолымыздан келе ме?
Жыр дегенімізді қалай түсінеміз?
Нәтиже: Оқулықта берілген үзіндіні сұрақ - жауап түрінде жатқа оқу. Мазмұнын толық білуі Оқулықта берілген үзінді бойынша жыр жолдарын жатқа оқиды

4. Талдау.
Мақсаты: Берілген жаңа түсінікті ұғу, бұрынғы білімді еске түсіреді «Алпамыс - досқа берік, жауға мейірімсіз батыр»
«Қарама – қарсы элементтер» стратегиясы
Кім дос, кім жау?

5. Жинақтау.
Мақсаты: Жаңа тақырыпта берілетін білімді түсінуі, өзінше айта білуі, өзінше түсіндіруі, болжам жасауы.
Жыр кейіпкерлері бізде қонақта.
«Автор орындығы» стратегиясы.
Нәтиже: Кейіпкер атынан сөйлейді

6. Бағалау.
Мақсаты: Жаңа білімді тәжірибеде қолдану, нақты жаңа жағдайға пайдалану. Үйге тапсырма.
Алпамыстай тұлға дүниеге келуі мүмкін бе?
Еліңді неден қорғар едің?
Нәтиже: Алпамыстың атынан қазақ елінің балаларына хат. Ойын жазбаша түрде жеткізеді
Топтағы оқушылар бағалау парағы арқылы топ жұмысы, өзара бірін - бірі бағалайды.
15 288
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр» жырдағы кейіпкерлер бейнесі Жалпы мақсат: Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығын үйрету
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
Жалпы мақсаты: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Батырлар жырындағы сабақтастық
Батырлар жырындағы сабақтастық
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жырындағы сабақтастық Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Батырлар бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×