Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер

12 қазан 2014, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, "Алпамыс батыр" жырындағы бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
ә) дамытушылық: топпен жұмыс негізінде Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдату, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу.
Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: "Алпамыс батыр" бейнесі салынған плакат, нақыл сөздер жазылған плакаттар, магнитофон, кассета, сыбызғы, ақ қағаздар, маркерлер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а)"Алпамыс батыр" жырының жалпы мазмұны жайлы сұрау.
ә) Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру.

Жаңа сабақ
Алпамыс батыр. Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш - қуаты Отанына арналады. Алпамыстың әке - шешесі оны сонша тілеп барып, аңсап көреді. Алпамыс ерекше күшті болып өседі. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан «Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек» деген сөзінен соң, қалыңдығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс — сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Гүлбаршынды алып еліне келсе, өз жұртын Тайшық хан шауып, мал - мүлкін алып кетіпті. Тайшық та Алпамыстың келерінде түс көріп, сезіп сасады. Бұдан Алпамыс атағы алыс кеткен батыр екені білінеді. «Батыр аңғал» дегендей жолда Тайшық жіберген мыстан кемпір сөзіне алданып арақ ішіп, қапыда жау қолына түседі. Осы кезде Алпамыстың айрықша қасиеттері көрінеді.

Зынданда жатқан Алпамысқа Қаракөзайымдай Тайшықтың қызы ғашық болады. Қойшы Кейқуаттың сырнай тартар өнері аркылы, Қаракөзайымның көмегімен, сырнай тартар өнері арқылы бостандыққа шығады.

Туған еліне келген Алпамыс қорлықта жүрген ата - анасын, қарындасын көріп егіледі. Осыдан оның адамдық қасиеті, нәзік жүрегі көрінеді.
Жары. Тұлпары. Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан — Гүлбаршын. Ол Қарамандай батыр келіп әкетем дегенде көнбейді. Ұлтандай құл алам дегенде бармайды. өйткені ол — адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады.
Шұбар жай ат емес, ол мыстанның арам екенін біліп мінгізбейді. Тайшық хан қанша қинаса да, Байшұбар ешкімді жанына жолатпайды. Байшұбар — Алпамыстай ерге лайық ат.

Қараман — Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындатқан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен тұлпарын құрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.
Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола түра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.

Қаракөзайым — Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бәрін құрбан еткен сұлу қыз.
Ұлтан — бұған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол — бар зұлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ - қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол — іштен шыққан жау.

Мыстан — жаман қасиеттерді бойына жинаған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»— деп жырлаушы оны жек көре, ұнатпай суреттейді.
Залым мыстан Алпамысты күшпен емес, аярлықпен тәтті сөйлеп, алдап қолға түсіреді. Бірақ бәрібір соңында ит өліммен өледі.

Үйге тапсырма:
"Туады ерлер ел үшін" тақырыбына ой - толғау жазу. Оқушылар білімін бағалау.
60 032
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр» жырдағы кейіпкерлер бейнесі Жалпы мақсат: Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығын үйрету
Алпамыс батыр жырындағы кейіпкерлер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Алпамыс батыр жырындағы кейіпкерлер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
"Алпамыс батыр" жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту.
«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
Жалпы мақсаты: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Батырлар жырындағы сабақтастық
Батырлар жырындағы сабақтастық
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жырындағы сабақтастық Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Батырлар бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×