Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жас мерей тойына арналған әдеби кештін сценарийі

09 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жас мерей тойына арналған әдеби кештін сценари
Армысыздар құрметті әріптестер, оқушылар және кеш қонақтары (1 бет)
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай «Тіл – ұлт мерейі» атты фестивальі және халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойына орай, ақынның патриоттық шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында, аудандық «Жайығым деп сыр ашып, Жырдан төккен кестесін» атты байқауына қош келдіңіздер!
Олай болса, бүгінгі әдеби кешімізді ашық деп жариялаймын.
5 - 10 сынып арасында өткізілетін байқау шарты 2 кезеңнен тұрады.
1. кезең: ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу
2. кезең: «Ақын шығармашылығын кім көп біледі?» сұрақтарға жауап беру.
Ендеше, әділ - қазылар алқасымен таныс болсақ:
1.
2.
Байқауымызды бастамас бұрын, ақын апамыз туралы сөз қозғасақ.
( мен сөйлеймін жай фон қосасың)
Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған, өзінің тамаша өлең жырларымен қазақ поэзиясының аспанын биіктетіп, көкжиегін кеңейткен талантты лирик ақын Ақұштап Бақтыгереева бүгінде, 70 жасқа толып жатыр.
3, 4 слайд
Бабалардың рухынан нәр алған,
Көкірегі өлең - жырдан жаралған
Ел, жер, ұлт, тіл мәселесін көтеріп,
Шапағаты шуақ болып таралған
Міне, осындай жайықтың көрнекті өр ақыны, белгілі қоғам қайраткері Ақұштап апамыз
1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауданында (қазіргі Теректі ауданында) дүниеге келген.

5, 6 слайд
Мен жайлы келер ұрпақ не білесің?
Тарихқа таңданатын көрінесің
Мені іздесең ғарышқа алғаш ұшқан
Ізде Совет қызының шежіресін дегендей ақын анамыз 1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген.
1961 - 1966 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.

(2бет)
7 слайд Үлесім – өнер - білім.
Табысым - өлең - жырым,
Өрге өрлеп келем бүгін
А. Бақтыгереева еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған. 1966 - 1971 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. 1971 - 1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен. 1972 - 1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975 - 1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған.

9, слайд
Өссе, елдің көркі деген, гүл деген
Қызды кейде тең көрмеген ұлменен
Ұлдарының ер жеткенде бәрібір
Қыздан бақыт іздейтінін білмеген,- деп сыр айтқан ақын жырларының бір алуан тақырыбы – қызғалдақ қыздарға, аяулы аруларға арналады.
Сендер деймін даланың ақ самалы,
Мен сендерге адал сыр ақтарамын,-
Деп апамыз бойжеткендерге өлеңмен өсиет айтады, сырласады, соларға арнап жыр жазады, апалық, аналық ақылын айтып, кеңес береді, сақтандырады. Ақынның «сіңліме» өлеңін тыңдап көрейік. (сіңліме өлеңін жіберу)
10, 11, 12, 13 слайд (қайтып жай фон керек)
Әлі де аз Сіз жайлы білеріміз
Жаныңызда болса да тірегіңіз
Ақ жайықта ән салып жүреді екен
Шағаладай шарқ ұрып жүрегіңіз
Міне, осылай ізінен ерген жас ақындар, сондай - ақ қаламдас - замандастары Ақұштап ақынға жүрекжарды жырларын жазып, арнау өлеңдерін сыр ғып ақтарады.
«Өзіңдей болу өзгелер үшін ұлы арман»
Ажарың Ақ Жайықтың ақтығындай
Мәртебең көтерілді бақ туындай
Көзіне байтақ елдің көрінесің
Қазақтың Өлеңінің аққуындай

(3 бет)
Талант особый – быть, а не казаться,
И жизнь прожить душой не обветшов
Ты почитай, стихи мне, по казахский
И я откликнусь сердцем Акуштап. Ақын Татьяна Кузовлева
Осылайша, ақынның қаламдас үзеңгі жолдастары Ақ Жайық шағаласының шығармашылығы жайлы ой толғайды, пікір айтады, лебізін білдіреді.

Мәртебемді демеймін биік етем,
Өмір сүру демеймін күйік екен,
Мен өзімше жырлаймын дәуірімді
Мен өзімше жерімді сүйіп өтем.
Құмар емен ерекше атануға,
Қажет емес даңқын да, атағың да,
Маған бақыт тірлікте орным болса,
Қарапайым адамдар қатарында. Ақын апамыздың туған жеріне оралуы.
Ендеше, байқауымызды бастайық. 1 кезең ақын апамыздың өлеңдерін жатқа оқу
Оқушының аты – жөні:
-------------------------------
(4бет) (жай фон жіберу керек)
Өлең деген – құдірет қой шынында
Талант керек кейде оны ұғуға
Ұлағат та, тіршіліктің сыры да -
Үңілсеңіз жатыр баба жырында
Жатар жырда – қасіреті жалықтың,
Дастаны да ел қорғаған алыптың.
Жыр айтады – баянсызын дәулеттің,
Жыр айтады – ауыр тасын даңқтың,-
Деп жырлағандай ақынның ұстанымы – жүректерге имандылық ұялату.
(1 кезең өткен соң, ән қосу)
«Қазақстаным» әнімен № 6 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Кусаинов Диас

2. кезең: «Ақын шығармашылығын кім көп біледі?» сұрақтарға жауап беру.
(2 кезең өткен соң, домбырамен күй шырқалады)
Хабдихамитов асхаттың орындауында Құрманғазының күйі «Адай»
(әділ - қазылар шешім шығарып, оқушылар марапатталған соң, қорытынды ән шырқалады.)
Ақсай қаласының табалдырығын алғаш аттап, арнайы осы кешке Орал қаласынан шақырылып
келген Орыбор қаласында өткен Халықаралық « НА Николаевский» байқауының «гран при» иегерлері, Атырау қаласында өткен халықаралық «Ілия Жақанов» фестивалының 2 орын иегерлері «Батыс Star» тобы. Жетекшісі: Қуаныш Кисметов.
«Ақұштапқа арналған гимн» әнімен
сөзі: Мұнайдар Балмоллданікі
әні: Қуаныш Кисметовтікі
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен жыр кешіміз аяқталды.
10 704
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, М.Ломоносов атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жорабекова Сабира
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Ақұштап Бактыгереева "Тасиды Жайық-көктемде"
Ақұштап Бактыгереева "Тасиды Жайық-көктемде"
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты  ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×