Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Йасауи «Диуани хикмет» кітабы

19 желтоқсан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Диуани хикмет» кітабы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы, Ахмет Йасауиді тарихи тұлға, қазақ әдебиеті тарихындағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде таныту.
Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл - нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ождан тазалығына баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, хикметтер, суреттер, дайындалған рефераттар, слайдтар, интерактивті тақта, оnIine жүйесі бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ типі: іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту. Қ. Бітібаеваның жобалау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы «Мектеп» 2002 ж.;
2. Қ. Бітібаева «Әдебиетті тереңдете оқыту», Алматы «Мектеп» 2003 ж.;
3. Тоғысбаев Б., Сужикова А «Тарихи тұлғалар», Алматы, 2006;
4. Н. Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы, 1991 жыл.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып даярлығын тексеру; ә) кезекші арқылы түгендеу; б) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыз - ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан, ең әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрейік.

1. Ахмет Йасауидің өмірінен мәлімет.
2. Йасауидің ұстазы Арыстанбабқа сипаттама беру.
3. Йасауи кесенесінің тарихы жайлы не айтар едіңдер?

Мұғалім сөзі: Ендеше оқушылар қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық - философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХҮ - ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана.
Диуан - жинақ, хикмет - алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
1. Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім - тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
2. Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өситенамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама:
Ескерткіш қалдырдым мен өжеттіге,
Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни бізге бағыштаған аманатындай.

Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ:
«Диуани хикмет» кітабы туралы өз көзқарастарыңды, пікірлеріңді жинақтап қағазға түсіріп отырыңдар (ой түйіндеу).
Ендігі кезекте хикметтерінен үзінділер оқып, негізгі ойын анықтап, поэтикалық, салыстырмалы талдау жасап көрейік.
Хикметтер
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды достар.

Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телі - тентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды достар.

Үлкен - кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз - бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез - құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды достар.

Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,
Бірін - бірі ұқпайды, түсінбейді,
Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,
Бұл не деген замана болды, достар.

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар.

Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ.
Бұл не деген замана болды, достар.

Азған заман ғалымы залым болар,
Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар.

Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.

Ұйқасын тап. (Абай өлеңімен салыстыру)
Кітапты молда теріс оқыр,
..................................................
Мал құмар көңілі – бек соқыр,
....................................................
Жүректе айна жоқ болса,
......................................................
Тыңдағыш қанша көп болса,
.......................................................

Сөздік жұмыс
Зікір - бұл құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер.
Тақуа - діндар, діншіл.
Ақырет - о, дүние, машхар
Тамұқ - діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.
Нақақ - бостан - бос, жазықсыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 670
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы Конспект 10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл - Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған.
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды, тұрмыс - тіршілікке тартымды кеңестер береді, байлыққа құмар болмауға шақырады, әділеттілікті жақтайды.
Күнделікті сабақ жоспары, Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.)
Күнделікті сабақ жоспары, Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.)
Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы). Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал.
Ахмет Йасауи өмірі, шығармашылығы
Ахмет Йасауи өмірі, шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Қазақ ұлттық шешендіктануының алғашқы бастаулары
Қазақ ұлттық шешендіктануының алғашқы бастаулары
Шешендіктанудың алғашқы бастаулары неден басталғанына түсінік бере отырып, Ұлы ғұламалардың нақыл сөздеріне көңіл аудару, шешендіктің өзіне тән сипат, қасиетін ұғыну, білімін кеңейту.
«Ахмет Иассауи» Даналық кітабы
«Ахмет Иассауи» Даналық кітабы
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×