Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылым мен білімнің дамуы

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Ғылым мен білімнің дамуы
Конспект
10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл - Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған. Ол дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылды. Фараб өлкесінен шыққан ондаған Фарабилердің еңбектері мен есімдері белгілі. 12 ғасырда өмір сүрген ғалымдар қатарына Исхақ әл - Фараби, Жаухари әл - Фараби, Ахмад әл - Фараби жатады. Энциклопедист - ғалым әл - Бируни тарих, математика, география, астрономия, медицина секілді ғылым салаларынан 150 - ден астам еңбек жазып қалдырған. Махмуд Қашғаридің үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі” (“Диуани луғат ат - түрк”) еңбегі – түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар түріктердің мекендерінің аты, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Жүсіп Баласағұнидің – “Құтадғу білік” еңбегі алғаш рет түрік тілінде жазылған кітап. Ғалымның “Құт негізі - білік” (“Құтадғу білік”) еңбегінде философия, астрономия, алгебра ғылымдарына тоқталуы оның жан - жақты, білікті адам екендігін көрсетеді. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі – “Ақиқат сыйы”. Бұл шығарма халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады. Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра – “Даналық кітабы” (“Диуани хикмет”) болып табылады. Бұл еңбек адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады. Сонымен бірге, Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ахмет Йассауидің шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын Сүлеймен Бақырғани. Әли ақынның “Жүсіп - Зылиха” атты поэмасы махабаттағы адалдықты жырлаған. 10 - 12 ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуы алға басқан.
Конспект сұрақтар
1. Йассауидің шәкірті, ғұлама ақын:
2. “Даналық кітабын” жазған:
3. Ахмет Йассауиге діни білім берген ұстазы:
4. Ахмет Йассауидің туған қаласы:
5. Ахмет Иүгнекиге берілген баға:
6. Ахмет Иүгнекидің еңбегі:
7. Қарахандықтардың даңқы шыққан ақыны:
8. Жазба әдебиет қалыптаса бастаған кез:
9. 1021 - 1075 жылдар аралығында өмір сүрген ғұлама:
10. Баласағұни “Құтадғу білік” еңбегін сыйға тартты:
11. Түрік тілдес тайпалардың бір - біріне жақындығын зерттеген ғалым:
12. Алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбек:
13. Қашғариді “түрік тілдерін салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы” деп атаған ғалым:
14. Махмуд Қашғаридің еңбегі:
15. Денелердің жерге тартылыс күшін алғаш тапқан ғалым:
16. “Асыл тастар” еңбегін жазған энциклопедист - ғалым:
17. Исхақ әл - Фараби өмір сүрді:
18. Әл - Фарабидің терең игерген ғылым саласы:
19. Әл - Фараби өмір сүрді:
20. 10 ғасырдан бастап әдеби және ғылыми шығармалар жазылды:
21. 13 ғасырда махабаттағы адалдықты жырлаған поэма:
22. Бұхара қаласында А. Йассауиге діни білім алуына көмектескен ғұламаны көрсетіңіз:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тарихтан сұрақтар жауаптарымен
Тарихтан сұрақтар жауаптарымен
Оқыған материалды жинақтап, қорыту, маңызды деректер туралы білімдерді байыту, негізгі процестерді басталуынан аяқталуына дейін қадағалау.
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Абдрахманова Айсұлу Смағұлқызы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Қызылорда облысы, Әтеке би кенті. Б. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның тарих пәні мұғалімі Олжакеш Асқар Анатолийұлы
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×