Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кезектес салалас құрмалас сөйлем

12 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға кезектес салалас құрмалас сөйлем жайлы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелік: адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тест, сызба, смайлдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (1 мин) Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (7 мин) Үйге берілген 114 - жаттығу. Берілгені: Мәтіннен талғаулы салалас сөйлемдерді теріп жазыңдар да, қалай құрмаласып тұрғандығын түсіндіріңдер.
- Қашан шықтың ауылдан? Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? Кезек - кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады, не атпен айналдырып тартып шығарады. Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші едім, я болмаса аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші едім.

Бекіту сұрақтары:
1. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - біріне тәуелсіз, дербес, әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана іске асатынын білдіреді
2. Талғаулы СҚС қандай жалғаулықты шылаулар арқылы жасалады?
Не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде
3. Талғаулы СҚС қандай жағдайда үтір қойылмайды?
Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылады.
4. Талғаулы салаласқа мысал келтір.

Өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергендеріңді тексеру үшін баламалы тестпен жұмыс жасап көрелік. Мен сіздерге сұрақ оқимын, ал сіздер алдарыңызда жатқан карточканы көтеру арқылы дұрыс жауабын табасыз. Жауап нұсқасы «иә» не «жоқ».

1. Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысады. (Иә)
2. Себеп - салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. (иә)
3. Ыңғайлас салалас сөйлем және, да, де, әрі деген жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалмайды. (Жоқ)
4. Салалас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді. (иә)
5. Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара 3 түрлі жолмен байланысады. (Жоқ) 2 түрлі жолмен жасалады.
6. Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді. Берілген сөйлем талғаулы СҚС. (жоқ) қарсыл.
7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.(иә)
8. Қарсылықты салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. (иә)
9. Құрмалас сөйлемнің 4 түрі бар. (жоқ) 3 түрі бар
10. Салаласа байланысқан құрмаластың баяндауыштары тиянақсыз болып келеді. (жоқ)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (10 мин) (Оқушылар дәптерлеріңді ашып, күн ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жазыңдар).
Жаңа сабақты түсіндірместен бұрын сіздерге қоятын сұрақ?
Кезектес, кезек деген сөздерді қалай түсінесіңдер? (оқушылар өз пікірін айтады)
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.
Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды. Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады. Біресе машина дүрілдейді, біресе жұмысшылар даурыға айқайлайды.
(Тақтада жазылған мысалдарды дәптерге жазғызу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 101
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Талғаулы салалас (күнделікті сабақ жоспары)
Талғаулы салалас (күнделікті сабақ жоспары)
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Кезектес салалас
Кезектес салалас
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар
Кезектес салалас (8-сынып)
Кезектес салалас (8-сынып)
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы А. В. Луначарский атындағы орта мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржан Бердыгулова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×