Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
а) Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, Ақынның аңшылыққа байланысты өлеңінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
ә) Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.
б) Оқушыларды аңшылық кәсіптің ерекшеліктерімен таныстыру, туған жерінің
табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Абай туралы жазылған пікірлер.

Сабақ құрылымы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу

I. Қызығушылығын ояту
«Абай - қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұланғайыр еңбек еткен данагер. Абай әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға». Н. Назарбаев.

II. Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.

1. 1. «Білімге бастап ел - жұртын»
Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдері сұралады.
3. Абай – аудармашы
Оқушылар Абайдың аудармалары туралы айтады.
4. Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.
5. Абай – сазгер.
*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.
2. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерін еске түсірту. Табиғат жайлы жазған өлеңдерін еске түсірте отырып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.
Адамдар не үшін аңшылық құруы мүмкін?
 Кәсіп (күнкөріс үшін),
 өнер (спорт) үшін.

3. Өлеңді оқушыларға оқыту, талдату.
1 - шумақ: аңға шығудың шарты – қансонар, қасыңда жақсы жолдас пен жүйрік ат болуы керек және үстіңде ыңғайлы, ықшам киім болуы керек.
2 - шумақ: бүркітші мен қағушы әрекеті - аңшылық кезінде бүркітші тау басында, қағушылар сай - салада із шалып жүреді.
3 - шумақ: бүркіттің әрекеті - томағасы алынған бүркіттің төмендегі түлкіні көзі шалып, «Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылып кетер» деп қайқаң етіп жоғары самғап көтерілуі.
4 - шумақ: түлкінің әрекеті - өзіне тап бергелі тұрған бүркітті көріп, қашып құтыла алмасын біліп, «Аузын ашып қоқақтап» шыбын жан үшін талас қылған түлкі.
5 - шумақ: түлкі әрекетін қызықтаған аңшылар - шыбын жаны үшін шыр - пыр болған, тісін қайрап, айбат шеккен түлкіні «Бұл да осал жау емес» деп тұрған аңшылар әрекеті.
6 - шумақ: қан майдан - «жеке батырлар»: бүркіт пен түлкінің айқасы суреттеледі.
7 - шумақ: жанды сурет - табиғатты, түлкі мен бүркітті түгел қосып бір бейне етіп, яғни, ақ етті сұлудың шомылу әрекетіне ұқсатуы.
8 – 9 шумақ: олжалы аңшылар әрекеті - түлкі алып олжалы болып, қанжығасы майланып, өз істеріне сүйсінген аңшылар әрекеті
10 - шумақ: әр сөзің бір ойланып салмақтасаң - бір өлеңді үстірт қарамай, әрбір сөзге мән беріп оқысаң, көкейіңе, көз алдыңа жанды сурет келетіндігін айтады.
Сұрау – тапсырмалар арқылы ауызша әңгімелетеді.

4. Жоспар құрғызу. Жоспар бойынша мазмұндау
1. Аңшылықтың дайындығы
2. Із шалғандағы аңшылардың әрекеті
3. Түлкіні көргендегі бүркіттің іс - қимылы.
4. Түлкінің айла - әрекеті
5. Бүркіттің түлкіге түскен көрінісі. Бүркіт пен түлкінің шайқасы
6. Құсы түлкі алғандағы иесінің көңіл күйі
7. Аңшылық жайындағы ақынның ойы

Топтар бойынша 3 бөлімді мазмұндап айту.
Топтар бойынша тапсырмалар беру.
1 - топ. ауызша сурет салу
2 - топ. Жазбаша сурет салу
3 - топ. сурет салу
Көріністер:
1. Аспанға самғай көтеріліп алып, түлкіні қалт жібермей аңдыған қыранның суреті
2. Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап, шыбын жан үшін жанталасқан түлкінің әрекеті
3. Аспаннан сорғалап кеп құлаған бүркіттің қимылы.
4. Қыран мен түлкінің айқасқан суреті.
Топтар бойынша қорғау. Салған суреттерін «галереяға саяхат» бойынша қорғау.
Жазбаша сипаттау «автор орындығы» арқылы қорғайды. Ауызша сипаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдуллина Баршагул Семгалиевна
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Қарақұм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мекеева Гулназ
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×