Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қансонарда бүркітші шығады аңға

11 наурыз 2015, Сәрсенбі
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға өлеңнің мағынасын терең меңгерту. Халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
Ә) Тәрбиелік: Балаларға эстетикалық тәрбие беру. Құсбегілік өнерге баулу.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, тест сұрақтары, т. б. жұмыстар.
Сабақ көрнекілігі: Сурет, құсбегі, жеті қазына суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
1. М. Өтемісұлы туралы мәлімет.
2. «Тарланым» өлеңін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Абай Құнанбаевты топтастыру.

Оқулықпен жұмыс
Аң аулау дәстүрлері:
1. Аңкөс: Аң мен аңшының арасындағы аңдысуы
2. Салбурын: Аң аулау кезіндегі аңшылар топтасып сапар шегеді, жолы болған аңшылар табақ - табақ қуырдақ жеп сорпасын ішеді
3. Бүркітші
4. Қағушы
5. Құсбегі: Қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам

Сөздікпен жұмыс
1. Қансонарда – жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі.
2. Ғанибет - қызық; тамаша.
3. Қаса - айрықша сұлу мағынасында.
4. Үйірімен үш тоғыз – мәтел ретінде айтылған сөз. Олжалы бола берейік деген мағынада.

Жаңа сабақты бекіту.
Тест сұрақтары.
1. А. Құнанбаев қай жылы дүниеге келді?
а) 1845 - 1904.
б) 1844 - 1900.
ә) 1846 - 1907.
в) 1847 - 1905.
2. Абай «Қансонарда бүркітші шығады аңға. өлеңін қай жылы шығарған?
а) 1896 ж.
ә) 1870 ж.
б) 1895 ж.
в) 1897 ж.
3. Бүркітті ұстап. оны баптап. аңға сала білетін адамды қалай атайды?
а) аңкөс.
ә) құсбегі.
б) бүркітші.
в) жембасар.
4. Тығылып жатқан аңды үркітетін адамды қалай атайды?
а) бүркітші.
ә) қағушы.
б) аңкөс.
в) салбурын.
5. Топтасып аңға шығып түскен олжаларын қазанға салып, қуырдақ жеп, сорпа ішетін адамдарды қалай атайды?
а) қағушы.
ә) құсбегі.
б) салбурын.
в) бүркітші.

Сөзжұмбақ шешу. Қансонар.

1. Бүркіт не?
2. Қансонарда өлеңнің авторы.
3. Қызық, тамаша сөздерінің мағыналарын ақын қандай сөзбен бейнелеген?
4. Қаса сөзінің мағынасы.
5. Бүркіт көзін жауып тұратын бас киім қалай аталады?
6. Шалғы ненің атауы?
7. Қазақтың құс салып, аң аулау дәстүрі қалай аталады?
8. Қазір құсбегілер мектебі қай жерде бар?

Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған жерін жаттау.
4 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Әңгімедегі Саятшы Ораз бейнесін аша алулары тиіс. Саятшының аңшылығы, адамгершілігі, мейірімділігі мәтіннен тауып оқуы тиіс
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Ата - бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі – тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң - құстарды бей - берекет ауламағандығы туралы айтады.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Қарақұм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мекеева Гулназ
Қан сонарда бүркітші шығады аңға
Қан сонарда бүркітші шығады аңға
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Қарабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×