Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есімдер

30 қаңтар 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер
Сабақтың мақсаты: а) дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;
ә) ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
б) өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Түрі: Жаңа материалды түсіндіру.
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденіс, баяндау, топтық талдау, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, ойындар, жұмбақ, мақал - мәтелдер, сызба
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, әдебиет, география.

I. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сыныптың сабаққа қатысы.
Психологиялық тренинг (топқа бөлу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сын есімді еске түсіру. (тест)

Тест
1. Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
а) екеу
в) алтау
с) бесеу
д) төртеу
е) үшеу
2. Сапалық сын есімдерді табыңдар:
а) аппақ, сап - сары, жақсы;
в) ақылды, ойлы, таулы;
с) бойшаң, иықты, мүйізді;
д) күзгі, елсіз, боранды;
е) қызықты, күшті, қалалық.
3. Негізгі сын есімдерді табыңдар:
а) көмірдей;
в) жайлаудай;
с) сары;
д) сүтті;
е) тастай.
4. Туынды сын есімді табыңдар:
а) жақсы;
в) алыс;
с) асыранды;
д) жасыл;
е) биік.
5. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ:
а) - лы;
в) - шаң;
с) - аған;
д) - ы;
е) – ті.
6. Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ:
а) - улі;
в) - шақ;
с) - ғыр;
д) - шең;
е) - ғақ.
7.“Тоғайлы” сөзі қандай сын есім?
а) негізгі;
в) сөз бірігуінен жасалған;
с) туынды;
д) күрделі;
е) сөздің қосарлануынан жасалған.
8.“Гүл” сөзін анықтап тұратын сын есім:
а) көмірдей;
в) әдемі;
с) толық;
д) дөңгелек;
е) суық.
9. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ:
а) - лы;
в) - шаң;
с) - аған;
д) - ы;
е) – ті.
а) жасыл;
в) шырайлы;
с) жеңіл;
д) жаман;
е) қап - қара.
10. Қатыстық сын есім қатысып тұрған мысалды белгілеңдер:
а) Жақсы – ісімен жақсы;
в) Сулы жер – нулы жер;
д) Әсем таулар, бақша - баулар көрікті;
е) Тіл қылыштан өткір.

II. Жаңа сабақ
( слайдтан сызба көрсету арқылы түсіндіру)
Құрамына қарай дара(бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім): бес, елі, сегізінші;
Күрделі (екі не одан көп түбірлердің тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім): елу бес, үш - төрт
Мысалы:
Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,
Тоқсаннан әрі кетті, жүзге асты.

І деңгей
а) оқулықпен жұмыс 159 - жаттығу
Дара және күрделі сан есімдерді тауып, төмендегі сызбаға орналастыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 568
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Оқушыларға сан есім және оның сұрақтары жайлы мағлұмат беру. Сұрақты дұрыс қоя отырып, оларды бір - бірінен ажырата білуге және мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білу. Танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу,
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×