Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиеттен өткенді қайталау (сайыс сабақ)

Қазақ әдебиеті 6 сынып
Тақырыбы: Әдебиеттен өткенді қайталау (сайыс сабақ)
Мақсаты: Әдебиет сабағы барысында 1 - жартыжылдық бойынша алған білімдерін саралау. Көркем шығармалар арқылы оқушыны өмірді терең түсіне білуге, өнерді өз пайдасы үшін пайдалануға, жан - жақты терең білімділікке тәрбиелеу. Сайыстыра отырып шығармашылығын дамытуға ынталандыру.
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қорытындылау
Пайдаланылған технология: АКТ, СТО
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сайыс, сұрақ - жауап, талқылау, талдау.
Көрнекі құралдар: фишкалар, слайдтар, мақтау қағазы
Сабақтың ұраны: Ойнайық та, ойлайық!

Барысы
І. Кіріспе сөз
Әдебиет - сырлы да сұлу әлем. Әдебиетті оқи отырып уақыт кеңістігіне саяхат жасауға болады. Ол үшін бізге көркем шығарма, ұшқыр қиял мен алғыр ой қажет. Біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ ретінде өткелі отыр. Бір мезет оқыған шығармаларымызды ойымызда жаңғыртып, әдебиет әлеміне саяхатқа барып қайтайық. Сендерді бұл саяхатта достар күтіп тұр.

ІІ. Ой сергіту.
1. Егер ол болмаса, қуаныш та жоқ. Онсыз өмір - өмір емес. Оны адамдар бір - біріне тілейді. Әсіресе, құттықтау хатқа қанша ақшаң болса да сатып ала алмайсың делінеді. Ол не? (денсаулық)
2. Өмір жақсы болу үшін оны әр адам армандайды. Жанында жүрсе де, байқамай, қолынан ұшырып алады. (Бақыт)
3. Барға риза болып, місе тұтып, Алла Тағаланың бергеніне шүкір етіп жүретін адамды қандай адам дейді? (Қанағатшыл)
4. Ол барлық адамда болуға тиіс, бірақ оның ұмытылғанына көп болды. Біреуді ренжітсең немесе дұрыс орындамасаң ол сені қинайды. Ол нағыз адам болып қалыптасуға көмектеседі. (Ұят)
5. Ол бізге әрдайым қажет, сондықтан оны адамдарға тілейміз. Ол кімге серік болса, сол бақытты болады. Ол болған кезде “ой, сәті түсті” деп қуанады. (Сәттілік)
Балалар, ендеше мен сендерге бүгінгі сайысымызда сәттілік тілеймін! Денсаулықтарың мықты, не нәрсеге қанағатшыл, бақытты да арлы - ұятты болып өсіңдер!
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

ІІІ. Сайыс кезеңдері
1 - кезең. Гүл теру
2 - кезең. Көбелек ұстау
3 - кезең. Достармен серуен.
4 - кезең. Жұлдызбен сырласу
5 - кезең. Ой теңізінде жүзу

1 - кезең. Гүл теру
Әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа бір гүл.
1 - топтың сұрақтары.
1. І. Жансүгіровтің өлеңі.
2. Қобыландының жүйрік аты
3. Дулат Бабатайұлының арнау өлеңі
4. “Автобиографиялық әңгіменің” авторы.
5. “Туған жер” өлеңінің авторы
6. Бауыржан Момышұлының әңгімесі
7. Біржан сал қай шығарманың кейіпкері?
8. Сүйінбай Аронұлы адамның қандай қасиеттері жайлы айтты?
9. Баллада үлгісінде жазылған шығарма.
10. “Менің атым -.......”
11. Батырлар жырының басты кейіпкері кім? –
12.... Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты... деп басталатын шығарма кім жайлы?
1. Монғолия жерінде Орхон өзенінің бойында табылған ескерткіш.
2. Біржан сал кімнің ауылына барған еді?
3. Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі аталған ақын.

2 - топтың сұрақтары.
1. Абай аталарыңның естіген сөзді ұмытпастықтың төрт себебі
2. “Мен - қазақ” өлеңінің авторы.
3. “Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?” – деп келетін өлең қалай аталады?
4. Даудың басы не?
5. Қазақтың ұлттық аспабы - домбыра жайлы айтқан ақын.
6. Типтік образ деп нені айтамыз?
7. “Құлақтан кіріп, бойды алар” өлеңінің авторы.
8. Шәкәрім өлеңі.
9. “Шығамын тірі болсам адам болып” өлеңінің авторы.
10. А. Байтұрсынұлы өлеңі.
11. “Мен жастарға сенемін” өлеңінің авторы.
12. “Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры” әңгімесінің авторы.
13. “Аяз би” – қандай ертегі?
14. Өлімнен күшті не?
15. Қар қайтсе жанады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 663
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Қолөнер және модельдеу
Қолөнер және модельдеу
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің технология пәні мұғалімі Cатыбалдинова Күлбан Омарбайқызы
Әдебиеттен көрнекіліктер
Әдебиеттен көрнекіліктер
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×