Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік шың

28 ақпан 2015, Сенбі
«Лидер - образования» медалінің иегері, әуесқой ақын

Мәңгілік шың (арнау)
Бүгінгі көңілімнің жазы қандай
Жыр пернесі керіліп жазылғандай
«Бейбітшілік әлемі» аспандатты
Ақиқаттың хас шебері асыл жанды - ай.
Елінің бағына біткен жазық маңдай
Тәуелсіз елімізбен атқан таңдай
Махабаттың жаршысы, жазушысы
Жыр маржанға лайық Әзілхандай.
Дәріптеуде бейбіт елі азаматын, сенерін
Жаңа ғасыр ұлының өмірдегі кемерін
Әдебиеттің көк теңізін шарлаған
Сөз кестесін халқы үшін арнаған.
Жырлайыншы жүрегімнің жыр әлемін ақтарып,
Ерліктері тарихта сақталады жатталып,
«Қазақ ұлтшыл» деген қаулыны жою үшін
Горбачевқа өрлікпенен хат жазып,
Желтоқсанда бірге жүрді жастармен
Ұлтының «ұлағатты ұстазы» деген атты алып
Шуақ шашқан, халық ұлы - зор тұлға
Алтын күнге лайықты балап айтуға
Батырысыз, жазушысы халықтың
Рухы биік шыңысыз, нар тұлға.
Тайпалған көркем сөздің жорғасындай,
Сөздері құйып қойған қорғасындай.
Мұралары жадымда жаңғырады
Өмірдің бәйшешегі, солмасындай.
Қаламын әр жанрға сермеп кетті,
Мәңгілік махабаттың гүлін екті.
Махабаттың Маршалына теңеліп,
Дүниені махаббат бесігіне тербеп кетті.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романы
Сезімдерді суарып шынар бақтан,
Әр жүрекке махаббат отын жаққан.
Айналды махаббаттың ұранына,
Айналды достықтың, өмірдің құралына.
«Мәңгілік махаббат жырын» өз қолымен
Тәуелсіздік тойына тарту етті.
Жүрегінің тұсынан суырып алып,
Сыйға берді Көшбасшы Елбасына
Оралды «Отан» орденімен Алматыға.
Тәуелсіз елдің болашағы ойында
«Махаббат, қызық мол жылдар»
Қырық жылдық кітап тойында
Барды өшпес парасатты қадамға.
Қырық кітабын өзі әкеліп, үлестірді хабарда
Жарасады ұлтын сүйген, жаны нұрлы адамға
Қолтаңбасымен қатысып отырғанға,
Кітапқұмар зерделі оқырманға
Қаламгердің ойындағы даналық пен даралық,
Кездескен, хат жазысқан бар алып
Ғ. Мүсірепов бағалаған хас шебер
Туған екен Әз Адам! боп жаралып.
Журналистің мақаласы жарқын істі атқарып,
Мұрағатқа 414 қолжазбасы сақталып
Том - том болып, мұралары қатталып,
Ажырамас Мәдени мұра жүректерде жатталып.
«Ақиқат пен Аңыз» романы – ерлік үні
Тарады аты аңыз Бауыржан Момышұлы.
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық алды,
Қаһарман шаңырағына тәбәрік адам болды.

Аралап қазақтың байтақ даласын
Ат басын тіреген жыл - 1979 Ақсуатқа
Үй тігіп, қошеметпен Майлышатта
Ауданымыз мінгізіпті сәйгүлік атқа
Қызылтас шыңына шығарыпты
Әз – ағаңдай мәңгілік жыр алыпты
Қабанбай батыр шыққан шыңды
«Әзілхан тауы» атымен сыйға алыпты.
Әшекейлеп, қашалып жазылыпты
Әз – ағаның сөнбейтін мәңгі есімі
Жарқыраған жарық жұлдыз елімде
Мәңгілік шың менің туған жерімде
Сөз кестесі бұлақ болып тынбаған
Жауһар жазу таланттарды шыңдаған
Ақтарылған батасымен көгереді тыңдаған
Алаугері жас ұрпақтың мыңдаған
Ұлтын сүйген ардақтысы елінде
Ақиқаттың мұнар шыңы - мәңгі адам!

«Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігінде Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына арналған «Мәңгіліктің шыңы - Әз аға» тақырыбындағы ғылыми - теориялық конференцияда оқылған арнау - өлеңім (автор)
4 622
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен - тәрбиешімін!
Мен - тәрбиешімін!
Жүрегімнің түкпірінен нәр алған Жетеледі алға ылғи бала арман Міне бүгін, тәрбиешімін тәлімгер - Өрлеп келем, шыңнан биік шынарға
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры
Жайық өңірінің перзенті, ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, көбі жалпақтап жүретін заманда, «Мен қазақпын» деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да оңай жол іздемеген, қазақтың халық жазушысы, КСРО
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Ол болмаса, кім береді парасатты. Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Мағжанға арнау
Мағжанға арнау
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Мұхатанова Дильназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×